Әлеумет

Сабаққа келмейді: Ақтөбеде оқушылар хиджаб үшін сыныпта қалдырылған

Ақтөбе облысында орамалдауына байланысты сегіз оқушы бір жылдан бері сабаққа қатыспай жүр.

Сабаққа келмейді: Ақтөбеде оқушылар хиджаб үшін сыныпта қалдырылған

Және солсегізі де өткен оқу жылында келесі сыныпқа көшпей қалған. Облыстық білімбасқармасы күні кеше үш оқушының ата-анасы балаларын мектептен шығарып алыпкеткендерін айтады. Ал қалғанын мектепке әлі әкеле алмай отыр.

Мұғалімдер «орамалсызмектепке балаларымызды жібермейміз» деп отырған ата-аналарды әлі күнге көндіреалмай келе жатыр. Тіпті жазғы демалыста да оқуға  шақырыпты. Шариғатты ұстанған ата-аналар оғанда көнбеген. 

«Біздің мектепте оқушы формасын сақтамаған балалардыңсаны оқу жылы аяғында алтау болды. Биылғы жылы сол алты оқушының үшеуін (біротбасының балалары) ата-анасы басқа мектепке алып кетті. Қазіргі таңда үшеу.Олар енді кеше келген жоқ. Бүгін екінші сменге күтудеміз. Бүгін егер сабаққакелмесе, сабақтың соңында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері бәріміз үйінебарамыз», — дейді Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектеп директорының оқу ісіжөніндегі орынбасары Құқпан ЖИЕНМУРЗИНА.

Сөйтіп, Ақтөбеде білімсаласының шенеуніктерінен бастап мұғалімдерге дейін бес оқушының әуресімен жүр.

«Талап бойынша оқушылардың бәрі мектептің ішкі тәртібімен  бекітілген формасын сақтауы керек.Өйткені балалар мектепте бірдей әлеуметтік жағдайда болады. Қазір мектепкекелмей отырған бес оқушының ата-анасымен жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы мамандар,теологтармен бірге үйлеріне барып жүрміз. Әзірге нәтиже жоқ»,- дейді Ақтөбеоблысы білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат РСАЛИНА.

Естеріңізге салсақ,осыдан бірнеше күн бұрын бір топ ата-ана облыстық әкімдікке барып, балаларынмектепке хиджабпен кіргізуді, болмаса ақылы мектептерде білім алу үшінбюджеттен арнайылап ақша бөлуді талап еткен еді.  Алайда жергілікті шенеуніктер  барлық оқушы мектеп формасын сақтауы керекекенін айтып, азаматтар зайырлы мемлекеттің ережелеріне бағыну керек деп отыр.

Фото:azattyq.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз