Саясат

Садыр Жапаров екінші президент сайлауға қатысуға ниетті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысып, екінші мерзімге сайлануға ниетті.

Садыр Жапаров

Бұл туралы ол журналист Әли Тоқтақұновқа берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Жапаров сайлауда бәсекеге дайын екенін және басқа кандидаттардың қатысуына кедергі келтірмейтінін атап өтті.

«Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысымды жалғастыруға ниеттімін. Сайлауға қатысқысы келетіндер болса, қатыса берсін. Ешкімге шектеу қоймаймыз», – деді Садыр Жапаров.

Сайлау қашан өтеді?

Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған.

Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы бойынша ел тізгінін ұстады. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол сайлаушылардың 79,2 пайыз дауысын жинаған.

Садыр Жапаровтың ресми инаугурациясы 2021 жылғы 28 қаңтарда өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз