Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:58, 26 Сәуір 2024

«Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

x
Фото: из открытых источников

Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен тұрғын үй кешенінің басшысы мен серіктестік директоры ұсталды.

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды, делінген хабарламада.

Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырды.

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы 

Тегтер: