Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:58, 20 Қараша 2018

Самат РАЙЫМБЕК. Екі дүние – бір әлем

ЕКІ ДҮНИЕ – БІР ӘЛЕМ — Менің ойымша, «Абай жолын» жаза алатындай адам енді тумас, — деп Қарлығаш кері қайырды.
Студенттер тағы да бөліне бастады. Сол кезде ғана: — Шынымды айтсам, осылай боларын білгенмін. «Абай жолын» біреу сынай қалса болғаны, сен кімсің оны сынайтын деген әңгіме басталады, — деп Қадыр аға жымиып жіберді де, – Жаңа ғана өз ойын айтқысы келген Динараның аузын жауып жібердіңдер. Міне, сол ғой біз қазақтардың тау шыңына шыға алмай келе жатқанымыз, — деп бір леппен айтып бастап:-  Динара тауға шығайын дей берсе, сен қайда барасың бұл тауға шығуға әлің қайда. Ол таудың басына Мұхтар Әуезов қана шыға алған дейді де, жас ұрпақтың тамырына балта шабады, — деп бәрімізді дүр сілкіндіргендей болды. Динара да, отырған бүкіл студенттер де ауыздарына сөз сала алмай үнсіздікте қалып қойды.*******         Қара суықтан денем түршіге енді-енді шыққан күннің қызғылт-сары жарығымен ояндым. Анам пештің маңында кепкен бұтақтарды тырсылдата сындырып, оның арандай аузына салып, от жаққалы жатыр екен. Жылулықтың құрсағы болып тұрған көрпемнен тұрғым келмей, ұзақ жаттым. Ақыр соңында жалғыз анамның қамқоршысы өзім екенімді, қорадағы мөңіреген малды алаңға шығарып шөп салу керек екенімді еске түсіріп, салқын бөлмемнен анама қарай жүгіре киініп алдым да, жуынып-шайынып дайын тұрған шайды қотара салдым да қораға аттандым.*******         Анамның жылап отырғанына бес күн болды. Көзінде жас қалмады. Бетінің құрғақ болғанын кірпік қаққан кезінде ғана көретінім болмаса,  әкемнің заттарын, ол туралы естеліктерін, тіпті, соңғы тұяғы болған мені көре қалса болғаны еңіреп жылай кетеді. Ал мен не істерімді білмеймін. Амалсыз «Жыламашы, мама!» — деп қана айта аламын. Ал әкем… Ал әкем… Шексіздік әлеміне –  О дүниеге аттанды. Жаны жәннатта болсын!Шынтуайтында мен де темір емеспін: лажсыздан екі-үш күн біраз жас төгіп алдым. Әйтеуір ешкімге көрсетпедім. Ақыры соңында ғана әкемнің, керісінше, келесі өмірде бақытты екеніне сеніп, күрсінгеннің орнына қуана бастадым. Тек кішкентай бала бақытым, түйген ойым ана жүрегін жылыта алмады. Ол кісі жас төккісі келмесе де, амалсыздан көз жасына ерік беріп тоқтай алмады-ау деймін,  шамасы.        Қайсар әкем жігіттердің сұлтаны болатын. Әрқашан бізге қамқорлық танытатын. Үйдің жалғызы болғандығымнан барлық көңілін толығымен маған арнады деп ойлаймын. Қайтсе де, анам екеуімізді қуантып еркелетіп тұруды ешқашан ұмытпайтын. Бірақ екеуіне бірдей еркелегенге не жетсін; екі қанатым ғой, қанатым..,*******Шілденің ортасында әкем, анам – бәріміз қатты қуанған болатынбыз. Қуанышымыздың себебі әкемнің жаңа жұмыс табуы болатын. Ауданда наубайхананың ашылуына байланысты ғимарат тұрғызыла бастап, сол жерге құрылысшы болып кірді. Амал қанша, анамның қазіргі уақыттағы қайғы-мұңы сол қуаныштың түбін де қалдырмады.         Жұмыс уақытында шалынып кеткен құрылысшыны құтқарамын деген әкем 6-қабаттан құлап мерт болды. Қайткенмен де, ұзын құлақтан жеткен хабар осы болды. Шындығында, не болғанын кім көріп, кім біліпті. Міне, содан бері біраз уақыт өтті. Анамның көзі жылай-жылай қызара ісіп кеткен, ал мен бұл жүкті мойныма міндет етіп артып алдым да, анама әкемнің жоқтығын байқатпауға тырыстым.*******         Малды шығарып шөбін салғаннан кейін қаңтардың қара аязының күн қарауыта аяз түсіп кететінін біле, лажсыздан шөпті кешкіге суырып, мектепке бір-екі минут қалғанда үлгеріп баратынмын. Мүмкін, өз баяулығым да шығар. Енді ол жағын білмеймін.  Оқуға бала кезімнен құмартқандықтан сабақтар мен үшін жеңіл болатын. Әйткенмен, математика, геометрия пәндерінен ақсаң басқаным ешкімге құпия емес. Сондықтан болар, ҰБТ-ға әдебиетті таңдадым. Есеп-қисапқа жоқ болсақ та, сөз өнері мен сыни ойлауда ешкімнен қалыспай ары қарай даму үстінде болғанмын. Арманым бас қаламыз – Астанаға Еуразия Ұлттық Университетіне түсіп, әкемнің маған деген сенімін ақтау еді. Тек бұл арманым 10-сынып оқып жүргенімде жанымды тебірентіп, жүрегімді бір ерекше сезімге бөлейтін. Ал қазір, осы бір апта бұрын ғана өткен  жылдың шілдесінде әкем мерт болды. Онымен бірге менің арманым да, оқуға деген ынтам да мүлде жоғалды. Ұстаздарым амалсыз бағамды аяғаннан қойып беріп қана жүргендей. Енді бір жағынан әкемнен қалған соңғы тұяқ – менмін. Қалаға кетсем анамды кім асырайды, жалғыз өмір сүре алмайды ғой деп тағы ойлаймын.         Әкемнің дүниеден өтуі тыныш қана өтпеді. «Кеше болып еді, бүгін жоқ» деп айтуға ешбір жанның дәті бармайды. Менің мақтанышым, менің асқар таудай әкем өз өмірінен айырылса да, бір адамның жанын аман алып қалды. Жаратушымыздың Құдіреті сонда шығар, сол күні әкем құтқарып қалған жігіттің әйелі босанып, шекесі торсықтай  азаматты дүниеге әкеліпті. «Әкеңмен жарты ай ғана таныс болсам да, ол кісіні өмір бақи сыйлап өтемін. Ешқашан ұмытпаймын» деген сол жігіт ұлының есімін әкемнің құрметіне Сабыр қойыпты. Біз де ол кісіні және ұлын жадымыздан шығармаспыз дедік анам екеуіміз...         Маусым айының ортасына жетіп қалдық. Бір жарым аптадан кейін ҰБТ. Мен болсам әлі дайын емеспін. Шынына келгенде қатысу да ойда жоқ. Анам маған оқуға баруың қажет деп айта берсе де, көндіре алмады. Ал мен ол кісіні жалғыз қалдырғым келмеді. Батылым бармады...         Айтқанымдай ҰБТ-ға қатыспадым. Бірақ...         Ерте ұясына кіріп бара жатқан күнді байқамағандай қоңыр жылымсық желмен бірге жарыса Доландағы құдықтан су таситын ескі арбамды салдырлата малды суарып жүрген болатынмын. Үшінші рейске қақпаны енді ашып шығып бара жатқанымда аппақ түсті нива келіп, үйіміздің алдына тоқтады. Ішінен аудан әкімі Оразбек аға түсіп:         — Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар, – деп күлді де, – Анаң үйде ме? – деп сұрады иығымнан қыса. Мен үйде екенін айтып, анама қарай жол көрсетіп енді өз жұмысыма кете бергенімде:         — Қайда барасың Дәурен, сен үшін келіп тұрмыз ғой, – деп жеңіл ғана жымиды. Сол-ақ екен денем түршігіп, санам Оразбек ағаның не үшін келгеніне анализ жасай бастады. Қаным одан арман тез айналып, жүрегім дүрсілдей бастағанда анаммен амандасып жатқан Оразбек аға:         — Мен аудан әкімі ретінде және халықтың атынан сіздің марқұм күйеуіңіздің керемет адам болғанын, өз өмірін қиса да өзгенің өмірін аман сақтап қалғанын ұмытпадық. Ұмыта алмаймыз да, — деп Оразбек аға айтып келе жатқан еді. Анам өз-өзін ұстай алмай жымия көздері мөлдіреп, моншақ жастары кеудесіндегі орамалына тама бастады. Мен де қарап тұра алмай ақырын ғана қасына бардым да құшақтап:         — Қойыңызшы, мама! Көзіңізді сүртіңіз. Жылағаныңыз жарамайды, – дедім ақырын ғана.         — Ұлыңыз дұрыс айтады. Жылауға себеп жоқ. Керісінше, мен сізді Дәуреннің анасы ретінде қуантайын деп келдім, — деп Оразбек аға жағдайды реттеді де, – Ұлыңызды ертеңгі ҰБТ-ның 2-потогына кіргізелік деп отырмыз. Комиссия жағын уайымдамаңыз. Оларға да барлығын түсіндірдім. 140 баллдың 140-ын алмаса да 100-дің үстінде аларында шүбәңіз болмасын, — дегенін де анам көзімен жерге қадалып ойланып қалды. Сол кезде менің де жүрегімде лаулаған от «баруың қажет, мүмкіндікті жіберме» деп айқайласа да, өзім іштей бармаймын анамның жанында боламын деп шешіп қойған едім. Содан ба:         — Ниетіңізге үлкен алғысымды білдіремін Оразбек аға! Алайда менің ҰБТ-ға қатысқым келмейді. Менің орным осында. Анамның қасында, әкемнің орнында, – деп айтып анама бұрыла бергенімде өңі бозарып маған қарап тұрған анамды көрдім. Ол кісіге менің жауабым мүлде ұнамады. Қолымнан ұстады да:         — Оразбек ағаның не айтқанын естідің бе? Сен үшін ауданнан келіп тұр. Ауданды сен үшін келістіріп тұр. Ал сен әкемнің орнында қалуым қажет дейсің. Құлыным-ау әкең сені өз арманына – Астанасына барса екен деп ойлайтын. Не болса да жалғыз тұяғым ғой: бас қаламызға жіберемін. Ерік- жігерінің арқасында оп-оңай оқып кететінінде күмәнім жоқ дейтін, — деп үлкен ызғармен мысы басып айтқанында не істерімді білмей қатып қалдым. Бейне бір қайнап тұрған жардағы көпірдің ортасында тұрғандай санам анаңның қасында бол деген ойынан біраз айнып, әкеңнің сенімін ақта, қалаға бар деп жаңғыра айта бастады. Бұздың түбіндей қатып қалдым, ал анам сөзін ары қарай жалғап:         — Мен үшін алаңдама! Әне, аудан әкімінің өзі маған келіп тұр, — деп күлімдеп еді.         — Әрине! Уайымдама, Дәурен! Әрқашан анаңа көмектесетін боламын. Уақыты келгенде Жаратушымыздың көмегімен анаңды да қалаға алып кетерсің, — деген қалпы иығымнан ұстады. Ал мен… Ал мен тапжылмаған қалпы сол орнымда қалдым. Оразбек аға:         — Мен өз міндетімді атқардым деп ойлаймын. Ертең ерте тұрып таксимен шықпасаң, мектептің автобусы жүрмейтінін білесің ғой, — деді де, анам екеуімізбен қоштасты да, көлігіне қарай кетті. Артынан қақпаны жабуға барып едім, ұйықтап кеткен жүргізушісін оятып жатып:         — Дәурен, анаң жоқ та айтып қалайын «Әкең сенің еркектердің сұлтаны болған, сен де енді әкеңнің жолын қуарсың...» — деді де қолын бұлғай көлігіне отырды. Үйге қарай кіріп, қақпаны жауып артыма бұрылып қалсам анам тұр. Бейне бір ескерткіштей сілейіп қатып тұрғаны зәремді ұшырып жіберді. Бір уақытта мені құшағына алды да:         — Міне, көрдің бе? Айттым ғой! Әкең сенің оқуға барғаныңды қалаған. Осылай болу қажет. Бұл әкеңнің қалауы. Бұған дәлел – Оразбек ағаң! – деп  қаттырақ құшақтап, көзіне жас толып қалған анам дірілдеген даусымен осы сөздерді айтты. Анамның ыстық жасынан сол жақ иығым ысып кетті. «Жоқ» дей алмадым. Елжіреп кеттім. Анамды ойладым. Бір жағынан әкемнің сенім артқан сұлбасы көз алдымнан кетпеді.Қара түнек, дара түнек құрсауынан босатты,Арқа тірек, соңғы білек қиқулатып жон атты,Көз ашылды, бұлт жасынды, тұяқ соңғы оянды,Сенші маған, күлші маған, ардақты әкем, саялы.Жүрегімнің түкпірінде осы бір ән ойнады,Сенші маған үміт оты өшпеді деп қоймадыЖырлатты да, жүрек жанды азапсыз-ақ қинадыАнаңды ойла, ұмтыл алға жүрексізді жүрек етАлдың –  мақсат, артың – арман көз алдымда жырланды.         Қараңғының құрсауында, төсек асты, жылылықта жатқанда ой-санам ана, әке тілектерін қорыта алмай жатқан едім. Сол түні азап атаулы сұрлана қатқан саусақтарымен мойнымды ойналаңдап қылқындырды. Көзім жұмыла кетсе, дем жетпеді. Не істеймін? Барамын ба? Жоқ, керек емес! Анаң байғұс жалғыздықтан құсаланып кетеді! Жоқ, керісінше! Кеткенімді, оқығанымды қалайды ол кісі. Не амал жасауға болады? Анамның қуанышын қалайша су сепкендей басамын?! Жоқ! Барамын! Әкемнің де, анамның да үмітін ақтаймын. Ең керемет тұлғалардың бірі боламын! – деп ойымның түйіні болып келе жатқан бұл сөздер сұрланған үшкір тырнақтарды күлге айналдырып, жоқ қылғандай болды. Жүрегімнің қағысы, алайда, бәсеңдемеді. Жаңағы қорқыныш ұмтылысқа, сенімге, жақсылыққа айналды; одан арман ойнақтаған жүрегімнің дүрсіліне шыдай алмай түннің бір уағында атып тұрдым да, сыныптастарыма жаза бастадым. — Сәлем Әсел!Маған алдыңғы кірген ҰБТ-ларыңның сұрақтарын жібере аласың ба?Біраз күттім. Жауап келмеді. Басқа не ойлауға болады? Түнде жапалақ болып отырмайды ғой деген ой келді. Ақыры түн болса да, сол қызда барлық суреттер бар дегенді естігендіктен, не болса да, о болсын деп қоңырау шала бастадым. Қоңырауға жауапты біраз күттім, алмай жатты да:         — А… ло, Дәурен?! – дей бере аяғында таңғалғаннан ұйқысы шайдай ашыла, – Не болып қалды? Бәрі дұрыс па? – деп қатарынан екі сұрақ қойды. Мән жайды айтқан мен:         — Жақсы! Онда мен суреттерді күтемін, – көп рақмет саған Әсел, – деп қойғалы жатқанымда:         — Жоқ, Дәурен! Ойыңды өзгерткенің үшін саған рақмет, — деді де смартфонды тастады. Мен жауап беруге үлгермей қатып қалдым. Маған тек анам мен әкем емес бүкіл туған-туыстарым, достарым барлығы үміт артуда; міндетті түрде ҰБТ-ны тапсырып, Астанадағы грантқа, әкемнің қалауы бойынша, қол жеткіземін деген ой мені толықтай жаулап алды. Көзімдегі от домна пешінен де ыстық болғанына шүбәсіз сенемін. Сондықтан болар дәптерлерімді, кітапшаларымды, қаламымды дайындадым да, ертеңгі ҰБТ-ға шамалы уақыт қалса да, дайындалуға аш қасқырдай ұмтылдым. Таңға дейін қарап шыға алмайтынымды білсем де, тым болмаса мен қараған сұрақтар кездесер деген үміт оты өшпеді.         Таңға дейін сабақ қараған мен біраз шаршаңқы болдым. Анам екеуіміз таксиге отырдық та, ауданға жылжыдық. Ұзақ бөгелмей анамның неге маужырап отырсың деген сұрағы да қойылды. Алаңдатпас үшін жауап қатпадым. Далаға қарадым. Жолдың екі жиегінен қоршаған шалғын бел. Арасында жыламсырап тұрған жалғыздық тоғайлары. Ал таудың шеттерінен қылаң бере  күн енді шығып келеді. Содан болар алдындағы шөп атаулының бәрі лаулап, өртеніп жатқандай байқалды. Белгісіздік қамтыған бұл балалықта әке үмітін ақтасам деген ғана ой болды. Ол ойым арманнан мақсатқа, мақсаттан шындыққа айналуына өзім ғана кепіл екенімді түсінген мен, көп созбадым; жақсылыққа сендім, бас қаламыз менікі болады деп өз-өзімді сол қалаға дайындадым. Ауданға жеткенше түні бойы дайындалған, оқыған басымды демалтып осылай ой тұңғиығына сүңгідім. Біраз жүздім. Ойларды жұта жаздап қақалып та қалдым. Ойдан сүңгіп шыққанымда күнге жылынып, жеңілдеп қалғандай сезім болды. Ақыры ауданға жеттік. Түндегі ұйқымды оқуға арнасам да, ол ұйқы маған жақындай алмады; қорқыныш, үрей, қалай тапсырамын деген атаулы ол ұйқыны одан арман бездіріп жіберді. Көзімдегі жалын өшпестен-ақ ҰБТ тапсыру орнының алдында өзім тәрізді жастардың арасына келіп қосылдым. Біздің мектеп тапсырып кеткендіктен көрші ауыл мектебінің атынан кіретін болыппын. Оразбек аға кіре берісте тұрған қалпы маған көзін қысты да жымиды. Онысы не балалық болғанын түсінбедім; дегенмен, барлығының смартфон, шпорларын алып жатқанда мені үстінде киімі жоқ адамдай шыңылдап бәрінің зәресін ұшырып жатқан дыбыссыз-ақ өткізді.Комиссия мүшелері бәрінің жандарынан тінтіп өтіп жүр. Көбінің қол-аяғы дірілдеп қозғала алмауда, ал енді бірі жанталаса тест шешіп жатыр. Ұзақ отырмай өз тест кітапшамды мен де аштым. Беттерін сатырлата қарап шықтым да, өзіме таныс сұрақтардың жауабын жаздым. Қайткенмен де, бір түннің дайындығының аты –  бір түн, оның өзі толыққанды түн емес. Біршама сұрақтың жауабын тапсам да, шешілмеген қаншамасы қалды. Білетін сұрақтарымның жауабын белгілеп тамамдағанша комиссия мүшелері үш-төрт талапкерді аудиториядан шығарып жіберген болатын; ал ұялы телефондарын комиссия  қораптарында алып қалған олардың күйі нашар екенін түсінген мен бұлардың күйін кешуден сескендім де, тапжылмай бір сұрақтың ары жақ бері жағына шыға алмай, біраз мыжып отырдым. Ақыры жүрегімді жұдырығыма түйіп, қорқыныш атаулыны келмеске жіберіп, өз самртфонымды алдым да, кітапшамды камераға түсіре кеттім. Сасқалақтап дыбысын өшіруді ұмытып кеткен менің телефоным сол жерде-ақ шықылдай қалды. Үрейден көзім бадырайып комиссия мүшесіне қараған қалпы қатып қалыппын. Олар болса маған қарап, бастарын изеді де қоя салды. Аң-таң болдым. Оразбек ағаның «оларға да барлығын түсіндірдім дегенінің  мәнін енді ғана түсінгендеймін. Бұндай мүмкіндікті жібермеу керек екенін түсініп фотоларды сыртқа шығара бастадым. Тіпті, Wi-Fi-дың өзі мен үшін ашық болғандай фотоларым лезде барып, жауаптар да көзді ашып жұмғанша алдымда тұрды. Сытырлатып барлығын көшіріп болғаннан кейін ақырын өз басыммен тексеруге кірістім. Дұрыстығына қанағаттанғаннан кейін қорықпай, аптықпай кітапша мен белгілеу парақшасын өткізіп аудиториядан шықтым. Міне, осылай Тұрсынбек Қабатов айтпақшы, «ұлы бір күндік төңкерістен» аман-есен анамның қуанышты құшағына қайтып оралдым.         Сағат үшке таяу ҰБТ қорытындысы шығу қажет болатын. Баршамыз демімізді тартып қанша балл шығады екен деп уайымдадық. Барлығы дұрыс тәрізді болса да, бір үрей болды. Қорытынды баллдар ілінетін уақытқа жақындаған сайын ол үрей одан әрмен ұлғая дене түршіктіруге жақындады.         Уақыты келді қорытынды бағаларымыз шықты. Анам сол тақтаның бойынан біл елі алшақтамай тұрған болатын. Маған қарағанда шапшаң қарап шықты да:         — Жүз жиырма тоғыз балл, — деп көтеріңкі қуанышты дауыспен қыса құшақтап, бетімді шолпылдата сүйе кетті.         — Мама, мама! Болды! Мама! – деп мен де қуанған, оны қатты қысып құшақтап, анамның жылылығымен қатар қуанышын да сезіндім.         Сертификат алынды.Жоғарғы оқу орнына документтерім тапсырылды.Уақыт желаяқтай зырлап өте шықты. Төрт оқу орнының ішінен бірінші болып Еуразия Ұлттық Университетін таңдадым. Мақсатым филология факультетінің қазақ тілі мамандығына түсу болатын. Ендігі уақыт кері тартып баяу қимылдады. Жаратушымнан тілейтінім –  жалғыз грантқа түсуім. Онсыз ешқайда кете алмайтынымды ойласам жаным қынжылады.         Ақыры қорытынды жауаптар Интернет желісіне ашық жарияланды. Демімді ішке тартып алдым да смартфонымды кері аударып ұстадым; бқл қылығым өзімнің анамнан бұрын көріп қоймас үшін; одан кейін:         — Мама! Мында қара! Грант қорытындылары шықты! – деп айқайладым да анама қарай беттедім. Ас үйде тамақ әзірлеп жүрген анам сатыр-күтір бәрін тастап, лезде қасыма жетіп келді. Екеуіміздің де көзіміз мөлдірей жайнай смартфонымды бері аударып қарап қалғанымызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің филология факультеті, филология: қазақ тілі мамандығына түскенімді көрдік. Қуанған екеуіміз бір-бірімізді қыса құшақтап алдық. Бір уақытта ас үйден күйік иісі шыға бастады.         — Ойбай, тамақ! – деген анам ас үйге жүгіре кетті. Артынан қуаныштан күліп жетіп бардым. Ашу-ызаға орын болмады; тек бақыт… Тек Бақыт!         Анамның зейнетақысы мен үкіметтің маған беретін ақшасы бізге Астанаға баруға жеткенімен де, ауылға қайтып оралған анамның күн-көруі қатты қиындап кететіні белгілі болғандықтан ол кісіге: — Ауылда қалыңыз, өзім-ақ барамын, оқу орнымның видео-суреттерін жіберетін боламын. Үйге ие болып қалуыңыз керек. Әкем де солай айтушы еді. Сондықтан жігіт болған ұлыңызды қыздарға ұялтпай жіберсеңізші жалғыз! – деп қалжыңдап әрең көндіргендей болдым. Алайда, анамның амалсыз көнгені белгілі.Поездке билет алғаннан кейін ақырындап киім-кешектерді ретке келтіре бастадым. Жолдорба алдық. Анам қолына не тисе болды балам саған қажет болады деп сол сөмкеге барлығын сала берді. Киімнен бастап тамақпен аяқталатын жолдорба ішіндегі тізімге қарап қуанатынмын, әйтсе де, жеткен соң тасу бір машақат болар деп қобалжыдым.Ертесі таңның атысымен жолға шығатын болғандықтан анамды құшақтап, еркелеп, ең керемет сәттерімізді еске алып түнімен әңгімелестік. Анама, ең бастысы, ауыр жұмыс істемеуін, демалыс уақыттарында келіп өзімнің келіп көмектесетінімді айтып, шаршамауын, бос артық іспен айналыспауын өтіндім. — Қой, балам! Ұйықталық! Ертең ерте шығуымыз қажет – деген анам, басымнан иіскеп сүйді де – Мүмкін менің қасыма жата берерсің – деді жымиып. Алыс жолға, өзге қалаға кетіп бара жатқанымды түсінген мен ойланбай-ақ келістім. Сөйтіп, анаммен түнімен құшақтасып ұйықтап; таң ата анамның: — Тұр, балам! Кешігеміз қазір! – деген дауысынан зәрем ұшып атып тұрдым. Маужыраған қалпы жартылай ашылған көзім уақыттың әлі ерте екендігін көргенінде мән бермеген сыңай таныттым. Тек жылы көрпе ішіне қайта бұғып, орала бастағанымда ғана анам неге ерте оятты деген ой келді. Көзім қайта шайдай ашыла: — Мама! Жайша ерте ояттыңыз ба? – деп сұраппын әбіржіген түсініксіз келбетпен. — Түнімен сен үшін алаңдап көзім ілінбеді Дәушем! – деп қасыма отырды – жолда ұйықтайсың. Ерте тұрып заттарыңды реттеп алғаның жөн. Ал мен шай қайната берейін, — деген анам маңдайымнан сүйді де, ас үйге қарай беттеді. Қой ұйықтап қалмайын деп сол мезетте-ақ тұрдым. Үйімдегі соңғы күнім ғой деп төсек-орнымды жинастырып, беті қолымды жуғаннан кейін қайта заттарымды түгендеп алдым да, анамның мен үшін дайындаған дастарқанына отырып ауқаттанып алдым. Такси келгенше естеліктерді айтып  отырдық, ал анам менің қалада қалай жүру қажет екенімді түсіндіре уайымдап: — Қалаға барғанда әмияныңа абай болып жүр. Ұрылар бар. – деп қорқыта, – Түнде көп көшеге шықпа! – деген анамның ақылдарына келісіп отырған маған анам бір уақытта жымия қарады да: — Байқап жүр! Қаланың қыздары басыңды айналдырып алмасын! – деп еді, екеуіміз де күле бастадық. Шаттанып күліп жатсақ та, анашым қолымнан ұстап: — Жоқ! Шын айтамын! Басыңды айналдырып-айналдырып кетпесін, — деп болмады. Өзімше мақтанып, қыздардың қажет емес екенін көпіре айтайын деп дайындала бергенімде анама такси қоңырау шалып шығуымызды сұрады.         Жүктерді көлікке апыл-ғұпыл салғаннан кейін анам екеуіміз көліктің артқы орындығына отырдық. Ауданнан пойызға отыратын болғандықтан жолға шамамен жарты сағат шамасындай уақыт кететін. Жол бойы анам екеуіміз үнсіздікте отырдық, тек арасында ғана:         — Пойызда кешке салқындатқанда тоңазып қалма балам. Дұрыстап тамақтан! – деп уайымдаған анам бір жағынан қуана бір жағынан төрт қабырғаның ішінде жападан жағыз қалатынына күрсінгендей айтты. Дегенмен де, ондай сыңай танытпады. Ал мен анамды жалғыздықтың құрсауында қалдырып бара жатқаныма қатты қынжылдым. Қайтсе де, әкемнің де арманын жерде қалдырмауым  қажет; анам да оқығанымды қалайды деп өз-өзімді жол бойы көндірдім. Осы үнсіздікпен сара жолдың қалай артта қалып қойғанын байқамай да қалыппыз. Аудан ішіне кіргенде әрбір ғимаратқа қоштасқандай қарадым. Ішімнен Жаратушымыздан анамның жалғыздықтан ауырлық көрмей қиындықсыз, уайымсыз өмір сүруін тіледім. Көп ұзамай вокзалдың алдына келіп тоқтадық. Анам жүргізушінің ақысын төлегенше жүктерімді көліктен түсіріп қойдым. Ендігі шаруамыз менің Астана бағытындағы пойыздымды күту еді. Осы жолы да бекет ішіндегі халықтың шуы болмаса анам екеуімізде үн болмады. Тек арасында ғана:         — Байқап жүріңіз! – деп анамды құшақтап қойып – егер жалғыздықтан қамығып кетсеңіз маған дереу ескертіңіз. Ешбір дамылсыз оқуымды тастап ауылға қайтып келемін, — дегенімде анам:         — Қой, қайдағыны айтпай! Осыдан нашар оқып, не стипендияңнан айрыл  –  өте қатты ренжитін боламын. Сен оқу үшін бара жатырсың ұлым, — деп көзіме қарады да, – ал мен үшін алаңдама. Жалғыз өзімді асырауға қауқарым бар, — деді күлімсірей. Мен де жымия қалдым да:         — Аааа! Жалғыз өзімді асырай аламын. Сен болсаң керсінше ауыр болар еді демекшісіз ғой, — деп қалжыңдап күлгенімде:         — Әрине! Екі адамды асырау оңай дейсің бе!? – деген анам да маған қарсы қылжақтап басымнан сипады.         Астана бағытындағы пойыз келіп тоқтайтын уақыт тақаған кезде анам екеуіміз темір жол жаққа қарай елмен бірге беттей бастадық. Анам қайтадан:         — Кешқұрым тоңып қалма! Абай бол! – деп ескертулерін айта бастады. Алайда, бұл ескертулерді «әрине» деген сөзіммен тоқтатқаннан кейін пойыз тоқтағанша қайтадан қара үнсіздік елең алды.Пойыз келіп тоқтауға талпынған мезетте анам екеуіміз менің тоғызыншы вагонымның артынан еріп отырдық. Тоқтағаннан кейін анам екеуіміз де вагонға бірге кіріп заттарымды реттеп жайғаса бастадық. Анам менімен Астанаға жол тартқалы тұрғандай заттарды орын-орынына жайғастыра бастады. Пойыз жылығанға дейін анам екеуіміз пойыздан шығып құшақтасып алдық. Анамның көзі мөлдіреп:         — Құлыным менің, аман болшы! Байқап жүрші! – деп бетімді ыстық алақанымен қысып маңдайымнан аналық лебімен иіскеді. Анамды қатты қысып құшақтап алдым да: — Сен де байқап жүр мама! Ал жақсы! Жолда хабарласып отырамын, — дедім де вагоныма кірдім.Астанада анамның танысы Болат аға күтіп алу қажет болатын. Ол кісі бізге жақын болмаса да, анам менің студенттер үйіне орналасқанымша сонда біраз күн тұруымды өтінген еді.Пойыз Астанаға жақындай бергенде әйнектен басымды шығарып қала алыстан тамсана бастадым, ғимараттар көгілдір аспан атты әлеммен жанаса ұштасқан, күн сәулесі ғимаратты жалтылдатып шағылыстырып тұрғандай. Аузым ашыла қандай жерге қандай мақсаты биік қалаға келе жатырмын деп ойлай бастағанымда: — Басыңызды тым шығармаңыз. Қалай айырылып қалғаныңызды өзіңіз түсінбей қаласыз, — деген дауыстан үркіп бұрылып қарасам жол серік аға екен. — Жақсы, — дедім де басымды жирафтың мойнындай созбай сәл ғана шығарып қарадым. Әйтсе де, Болат аға хабарласып қай жерге келгенімді сұрағаннан кейін барлығын айтып, заттарымды жинаған жөн деп жатын орыныма қарай кеттім.Зайсан – Астана бағытындағы поезд Нұрлы Жол деген алғашқы рет естіп тұрған атты темір жол вокзалының кешеніне тоқтады. Шынымды айтсам, өмірімде алғашқы рет мұндай вокзалды көруім болды. Вокзал емес ірі орталықтай еді. Ішімнен вокзалының өзі осындай болса, қаласы қандай екен деген ой санамды шарлады. Елбасымыздың Астананы көркейтуде атқарған рөлінің ерекше екеніне осының өзі дәлел дедім іштей.Болат аға сол уақытта хабарласып адасып жүрген мені тауып алды. Ұзақ әңгімелеспей, үйіне қарай жылжыдық. Бір қызығы Астана «Левый» және «Правый» деп екі қанатқа бөлінеді екен. — Бірі – жұмыс қаласы, бірі – тұрыс қаласы, — деп менімен қалжыңдасқан Болат аға – Анаңның қалы қалай? Әкең мерт болыпты ғой. Алдынан жарылқасын, — деді. Сөйлемінің соңғы жағында біраз кідіріспен күрсініп қалды. — Әумин! Иә,  Жаратушымыздың жазған тағдыры сол болды. Анам жақсы. Жалғыз өзі мені оқуымды тамамдатып шығарды, — дедім анамменен мақтана. Сөйтіп отырғанда Болат ағаның үйіне де келіп жеттік.Кіргенімізде апай стол үстін жайқалтып шай жасап қойыпты. Болат аға: — Танысып қой менің жолдасым – Мадина, — деді екі қолымен апайға қарай нұсқап. — Танысқаныма қуаныштымын! Есімім Дәулет болады, — дедім де заттарымды бұрышқа қойдым.Болат аға мен Мадина апайға анам беріп жіберген құрт, бауырсақтарды бердім. Анам ұят болады қонасың ғой ол үйде тамағын ішіп деп сол кісілер үшін сыйлық тапсырған еді. Оны да бердім. Төсек орын ыңғайластырып бергеннен кейін: — Ертең, апайың екеуіміз жұмысқа кетеміз. Ешқайда шықпай-ақ қой. Үйде отыра бер. Ас үйден жегің келген нәрсені жей бер апайың ертерек келіп қалу қажет, — деді Болат аға кетіп бара жатып жарықты өшіре.Түнімен смартфонымды шұқыладым. Одан кейін ұзақ арпалысып ұйықтай алмадым. Бір жағынан бүрсігүні алғашқы рет жатақханаға барамын. Жаңа ортаға тап боламын. Не болады екен? Еуразия Ұлттық Университеті қандай? деген ойларға шомылып арасында ғаламторға кіріп Университет суреттеріне қарап қоямын. Бірақ, бәрінен де керемет болғаны – аспанды ауылда қара түнек басқан уақытта бұл қаланың аспаны қала жарығынан сәулеленіп тұрады екен. Ұзақ уақыт сол терезе маңынан алыстамай қалаға қарап тамсанып отырдым. Қайткенмен де, әкем қайтыс болмай тұрып арманым осы бас қаламыз Астана еді.Таңертең кеш, шамамен екі-үш шамасында анамның қоңырау шалуымен ояндым. Түнімен бадырайып отырғаным соған себеп болу қажет. Анаммен сөйлесіп болғаннан кейін жуынып-шайынып алып, ас үйде біраз қамданып алдым, түннен қалған тамақты жылытқан болатынмын. Тамақтанып болған соң: — Үйде жалғыз қалып жатсаң ыдыс-аяқтарыңды жуып отыр, ұят болады, — деген анамның сөзі есіме түсіп ыдысымды өмірімде алғашқы рет жуып қойдым. Ертеңіне киетін киімдерді, документтерді дайындап қойып, қайта анама хабарластым. Сағат беске қарай Мадина апай оралды. Келе салысымен шай қойды да, тағы бір жұмыстарын компьютерден басын алмай жалғастыра бастады. Шай қайнаған соң столға отырдық. Мадина апай кесені маған ұсынып жатып: — Қалай қарының ашпады ма? Нешеде тұрдың? – деп сұрады. — Жоқ, сіздің қойып кеткен тамағыңызды іштім. Дәмді болды! – күлімсіреген мен, – Түнімен ұйықтай алмадым, содан екі-үш шамасында тұрғанмын, — деп қызара айттым.Шай ішіп болғаннан кейін алғысымды айтып жатын үйге қарай жылжып ой түбін де жатып ұйықтап кеттім. Бір сәтте Болат аға: — Дәурен! Дәурен! Тұр тамақ ішеміз. Мадина апайың палау дайындап қойыпты, — деп жарқын жүзімен оятты. Жуынып алған соң стол басына отырып тағы да тамақтанып алдым. Анамның палауы болса ғой деп ішімнен сағыныш сезімі өртеп те үлгерді. Тамақтанып болған соң Болат аға тағы да жұмыстарымен жылжып кетті. Мен сол баяғы ғаламтордан жақын күнде баратын университетіме байланысты қызықты мәліметтерді іздестіріп, соларды оқып отырдым. Бір уақытта ас үйден: — Дәурен! – деп сәл қаттырақ дауыспен Мадина апай шақырды. Не болып қалды деп барғанымда – Ыдыстарыңды ұзаққа қалдырмай жуа салшы, әйтпесе, майы қатып қалады, — деген Мадина апайға таңғала қарап: — Жақсы, — деген күйі сол ас үйде тұрып қалдым. Қарасам стол барлығы тазаланған ыдыстар жуылған, тек менің ыдыстарым жуыңдаршы мені деп мені күтіп тұрғандай. Ішімнен өмірімде ыдыс жуып көрмеген болатынмын. Ауылда да ешкімнен бұндай шаруа естімеген едім. Әкем марқұм әйел жұмысы мен еркек жұмысын араластырмайтын. Анам да өмірімде барлық ыдысты жуып менікін тастап кетпейтін деп, іштей таңғала ыдыстарымды қалай тазалап болғанымды байқамай қалыппын.Осы түні ертерек жатып, ерте ұйықтауға тырыстым. Таң атысымен Еуразия Ұлттық Университетіне документтерімді өткізуім қажет еді.Ертесінде қоңырау дыбысына оянғаннан кейін Болат аға жұмысқа барар жолынан мені университет маңында түсіріп кетті. Зәулім университетті көргенімде рухым ойнап арқамнан суық леп жүріп өтті. Іштей: — Міне, менің мақсатыма жеткізетін жол! – деп әкемнің үмітін ақтайтынымда шүбә болмады. Қабылдау комиссиясына барып электронды құжатты (Platonus) толтырып әкелген құжаттарымды тапсырдым. Ел басымыздың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асып жатқандығы осы екен ғой деген таңданыс сезімі де болды. Қабылдау комиссиясына құжаттарымды өткізгеннен кейін Студенттер үйіне де құжаттарды тапсыруға бардым; ол жұмысты да аяқтап болғаннан кейін Болат аға айтқан автобусқа отырып үйге қайттым. Анама хабарласып Студенттер Үйіне тек бір аптадан кейін ғана орналасатынымды айттым. Анам қуанып: — Ооооо! Қуаныштымын балам! Ал, студент болуыңмен! – деп жадырай жайнап құттықтады. Қуаныштан жылап та үлгерді. — Мама! Қой, жыламаңыз! Қуанышты жаңалықтан жылағаныңыз несі? Бәрін тастап қайтып келемін қазір! — Жоға, балам! Қуаныштан шыққан жас қой! Мені қайтып келемін деп қорқыта бермей сабағыңды оқып, абайлап жүр, — деген анам өзін де мені де бір күлдіріп алды.   — Ал жақсы,  құлыным! Болат ағаңа хабарласып сенің бір аптадай үйінде жүре тұру қажет екендігіңді айтайын, — деген анама балалық сағынышымды сездірмей: — Жақсы, мама! Байқап жүріңіз. Бірнәрсе болса дереу хабарласып отырыңыз, — деп қоңырауды тастадым. ******* Бір аптаның ішінде бас қаламыз Астанамен біраз болсын танысып қалдым. Зәулім ғимараттар мен ескерткіштерін, Орта Азиядағы екінші орынды иеленетін мақтанышымыз Әзірет Сұлтан Мешітін көріп таңғалып, еліміздегі болашақтың қалаларының бірі екеніне көзім жетті. Мойындалуы қажет шындықтардың да бірі де – осы шығар. Астана, Алматы  және тағы да көптеген дамыған қалаларымыз еліміздің мақтанышы, даму орталығы деп түйіп, осында келіп жеткен менің бағым бар екен деп талай мәрте қуанып та үлгердім. Ал бүгін Еуразия Ұлттық Университетінің Студенттер үйінің алдында өз кезегімді күтіп тұрмын.Түс ауа кезегім де келіп жетті. Құжаттарды реттеп болған соң бөлмемді алып сонда бардым да менен ертерек алған жігіттермен таныстым. Заттарымды реттеп орналастырып, бөлмелес балалар жақынырақ танысуды бастадық.Екі-үш күннен кейін 1-қыркуүйек алғашқы рет өз группамды көретін күн. Ішкі дүниеде бір қобалжу бар. Түнімен қандай киім киерімді таңдаған едім. Таңертең қайта ойландым. Ақыры соңында өзім үшін ең жақсы деген жейдемді үстіме қондырып университетке бөлмелес достарыммен бірге шықтық.         Университетке жете бергенімде орталық алаңында құжынап тұрған жастарды көзім шалды. Әбден жақындай әр бұрышынан бір-бір адамнан өз факультеттерінің атын ағаш ескертпесіне жазып алып, студенттерді саралап жинап жатқанын түсініп өз факультетімді – «ФФ» деген жазуды іздей бастадым. Қыран құстай көзіммен бір шолып шықтым да, тобымды тапқандай болдым. Ендігі міндетім қалың халықтың арасын жарып өте оларға жету еді. Жақын жер болса да, ұзақ жүрдім. Жеткенімде қара-ала көйлегі өзіне әдемі үйлесе төгілген иық шамасындағы қара шашты апайға тірелдім. Құжынап қайнатып келе жатқан алтын күннің сәулесінен қоңыр көздері жылтырап шағылысып:         — Мамандығың қандай? – деп сұрады қысқа ғана өз сұлулығына ұзақ баурап алған сұлу әйел.         — Филология: қазақ тілі, — дедім күлімсіреген мен. Артындағы мен тәрізді жастарға бұрылған ол кісі:         — Танысып қойыңдар тағы бір группаластарың – есіміңді айтып жібере ғой! – деді мені солардың қатарына ентелетіп.         — Есімім, Дәурен! Танысқаныма қуаныштымын!         — Әсем         — Сәулеш         — Мадина         — Қарлығаш         — ...         — Ал мен Меруерт Ұланқызы кураторың боламын, — деген алғашқы кураторыма:         — Танысқаныма қуаныштымын! – деп бұл адам менің ендігі екінші анам екенін түсінгендей сыйластықпен жауап қаттым.Міне, осылай ең алғашқы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіндегі алғашқы күнім басталды!Сылбыр басып сол топтың арасына кірдім. Бәрімен сәлемдескеннен кейін тобымызда тек қана қыздар екенін түсіндім және бұл басынан бастап белгілі болған ақпарат. Жаңа танысу, жаңа адамдар, жаңа достар қалай өзімнің осы ғана қалыптасқан әлемдеріне тартып мені босатпай жатқанын байқамай да қалыппын. Тек қатардың соңында тағы бір ұлды көргенімде қуаныштың көмегімен ол әлемнің құрсауынан босағандай болдым. Танысу мақсатында қатардың соңына барып:         — Ассалаумағалейкум, сен де филология қазақ тілінде боласың ба? – деп сұрадым ол баланың қысқа бойлы қарындасқа айтып жатқан сөзін бөліп.         — Уағалейкум, Арман болады есімім, — дей бергенінше – ал мен Динара, — боламын деді қою қара көздері тұңғиықтан сыбырлай.         — Барлығымен таныстым деп ойласам сендер топтың аяғында қалып қойыпсыңдар ғой, — дедім қалжыңдаған сыңаймен.         — Дина
Тегтер: