спорт

Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болды

«Атырау» футбол клубы Самат Смақовты команданың бас бапкері етіп тағайындады.

Самат Смақов

 Қазақстандық маман бұл қызметте клуб 7 тамызда кеткенін хабарлаған Владимир Чебуринді алмастырды.

Бұған дейін Чебурин клуб басшылығы ауысқаннан кейін тараптардың өзара келісімі бойынша командадан кеткенін айтқан.

Самат Смақов бұған дейін «Ордабасының» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді. Сондай-ақ «Елімайды» жаттықтырып, Семей клубын Қазақстан Премьер-лигасына алып шықты. Кейін «Астананың» техникалық директоры қызметін атқарды және «Жетісудың» бас бапкері болды.

Футболшы ретінде Смақов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 матч өткізген. Ол алты рет Қазақстан чемпионы атанып, төрт мәрте елдің үздік футболшысы деп танылған.

Биылғы ҚПЛ маусымында 19 матчтан кейін «Атырау» 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр. Енді жаңа бас бапкердің алдында команданы төменгі лигаға түсіп қалу қаупінен алып шығу міндеті тұр.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз