«Самұрық-Қазынаның» жыл басынан бергі кірісі 7,9 триллион теңге болды
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жыл басынан бергі кірісі 7,9 триллион теңге болды. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов президентпен кездесуінде мәлімдеді.
Жақыпов аталған кездесуде биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, қордың кірісі белгіленген жоспардан 7 пайызға артып, 7,9 триллион теңгені құраған.
Қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жақыпов «Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екенін айтты.