Live

Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы Wildberries қоймаларына дрондар шабуыл жасады

Санкт-Петербург тұрғындары әлеуметтік желілерде Wildberries маркетплейсінің өртеніп жатқан қоймалары түсірілген видеоларды жариялай бастады. Кадрлардан аспанға көтерілген қою қара түтін көрінеді.

Wildberries

ASTRA Telegram-арнасының мәліметінше, дрондар Новосаратовка ауылы мен Шушары кентіндегі қоймаларға да шабуыл жасаған.

Ресми мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан үш адам зардап шеккен. Wildberries компаниясы аталған логистикалық кешендердің жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Сондай-ақ компания Симферопольдегі (Қырым) сұрыптау орталығы эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Тегтер: Wildberries
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз