Саясат

Сапарбаев кете ме?

Кеше кешкісін мемлекеттік деңгейдегі тағайындауларды алдын-ала біліп, ілуде бір болмаса, айтқаны дөп келетін «билік балгері» Ербол Еділов Телеграм каналында 7 сәуір күні сағат 11:00-де Жамбыл облысында маслихаттың кезектен тыс отырысы болатыны, Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Бердібек Сапарбаевты алмастыратыны жайында жазды.

Сапарбаев кете ме?

Сол-сол-ақ екен, жұртшылық «Сапарбаев кетті, Сағынтаев келді» деп бірі сүйінші сұрап, бірі қимай қоштаса бастады.

Бұдан бөлек мессенджерлерде тараған тағы бір мәлімет бойынша, аты-жөнін атамауды сұраған облыстық мәслихаттың бір депутаты сағат 11-де облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысы расында өтетіні, бұл ретте Жамбыл облысы әкімінің орнына кандидатураға дауыс берілетінін айтыпты. Жамбылдың жаңа әкімі болуға үміткерлер арасында Сағынтаевтан өзге, облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет пен Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың есім-сойы аталады.

Бұл желіде тараған болжамдар болса, кейбір дерек көздері облыс әкімі Нұржан Нұржігітов болып кетуі бек мүмкін деседі. Өйткені, президент әкімшілігінен "өтіп келген" өңірдегі атқамінерлер арасынан жалғыз осы — облыс әкімінің ауылшаруашылығы бойынша орынбасары Нұржан Молдиярұлы екен. Ал Сапарбаев расында «жүгін жинастырып» дайын отырған көрінеді.

Бүгін таңнан бастап Таразда көше-көшеде, бұрыш-бұрышта полиция қызметкерлері қаптап тұр. Жамбылдың жаңа әкімі кім болатыны бірер сағаттан соң белгілі болады деп күтілуде.

Тегтер: Без Тега
Нұрболат Әлдибек
Нұрболат Әлдибек Нұрболат Әлдибек

Оқыңыз