Сапарбаев: Күтімі жақсы болса, екі сиыр асырайды
Жуырда ғана Үкіметбасшысының орынбасары болып тағайындалған Бердібек САПАРБАЕВ Qaznet-те хитболған екі сиыр тақырыбын жалғастырды.
Бердібек МӘШБЕКҰЛЫ екі сиырмен қалай жанбағуға болатынын түсіндірді. Ол үшін ең бірінші малға күтім керек екен.
«Бәріміз ауылдан шыққанбыз. Әрине 1-2 сиыр бағып өмір сүруге болады. Бірақол үшін жануардың жағдайын жасау керек. «Жем-шөп жоқ» депшағымданады. «Жоқ-жоқ» дей берсе, ештеңе де болмайды. Ешкім жем-шөпәкеліп бермейді. Егер сиырды дұрыс қоректендірсе 7-8 литр сүт алуғаболады. Мысалы, 2-3 литрін өзіңізге алсаңыз, қалған сүттен май, құрт не қаймақалуға болады. Көбіміз ауылда өсіп, мал баққан елміз. Мәселе екі сиырда емес,мәселе еңбекқорлықта. 30 дамыған елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшінбалаларды жас кезінен еңбекке баулу керек», — деді вице-премьер«Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығының ашылусалтанатында.
21 тамыз күні астанада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің жиынында билікпартиясының төрағасы, экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мемлекеттен көмексұраушыларды сынаған еді.
«Қазір сол отыз жылбұрынғы ұранды көтеріп, «маған бер, менің балам көп, айлығым аз»дейді. Сен не ойладың? Бұл – сенің мәселең ғой, сен бұрын мемлекетпенақылдаспадың ғой" деді ол. «Микрокредит ал да, екі сиыр сатып ал.Өзіңді асыра», — деген еді экс-президент.
Коллаж: zhasalash.kz