Сапарбаевтан қалған ағаштарды ресейлік мамандар санайды
Осыдан тура бір айбұрын Ақтөбенің әкімі Мавр АБДУЛЛИН БердібекСАПАРБАЕВ пен Ілияс ИСПАНОВТАН қалған талдарға санақ жүргізіп, бас-басына құжатберетіндерін жария еткен болатын.
Ол үшін облыстық бюджеттен елу миллион теңгебөлуді де қарастырыпқойғандарын айтқан еді. Бұл жұмысқа білектерін сыбана кіріскен шенділерАқтөбенің ағаштарын санатуға Ресейден мамандар шақыртыпты.
Ақтөбеде талдыңмәселесі көтерілсе халықтың есіне бірден экс-әкім Сапарбаев мырзаның алты миллардтықжобасы мен ІлиясИспановтың жетпіс миилион теңгегемиллион көшет отырғызып, артынан қуратып алғаны естеріне түседі. ТұрғындарАқтөбенің экс-әкімдері қаладағы жасыл желекті сақтап, өсірудің орнына аяусызотап кетті дейді. Сөздерінше қазіргі биліктің жүргізейін деп жатқан тал санағықаладағы ағаштар оталмай тұрып жасалу керек дегенді айтады.
«Қаладағы талдар жаппай оталды. Қаншасы кесілгенін ешкім білмейді. Ешкім де жауап бергенжоқ. Егер олардың құжаттары болса бұлай болмас еді. Егілген талдар да қаралмайқалмас еді. Мәселен қаралмай қурап қалған миллион түп көшет, қоқыс полигонымаңындағы отыз мың түп тал, «Астана» паркіндегі шыршалар бар. Біз табиғатнашырлары көктемнен бері осы мәселені көтеріп келе жатырмыз», — дейді «Ақтөбе дыши» қозғалысының еріктісі ЕвгенийЛАЗЕРЧУК.
Қалада қанша талқалғанын білмейміз деген әкімдіктегілеренді жасыл желекке басқаша қарайтынболамыз деп отыр. Сөздерінше бұдан былай себепсізден себепсіз бір ағашкесілмейді. Еккен тал қурамайды. Есесіне қаладағы ағаштарға санақ жүргізіп, әрқайсысын құжаттап, базаға енгізетін боламыз деп отыр. Сөздерінше талдардыресейден арнайы алдыртқан мамандар санап бермекші екен.
«Ресейліктер бізге санап береді. Тендерге қатысатынмердігерлерге қандай талап болу керектігін санайды. Соның бәрін зерттепкелгеннен кейін бізге нақты айтады. Қазіргі таңда өзіміздің тарапымыздан біздепаспортизация жасыл массив деген болу керек. жылда талдар өледі. Оның орнынабасқа талдар егіледі. Біз санын білмей тұрмыз. Сол санды білу керекпіз», — деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ЖангелдіӘУБӘКІРОВ өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісіне.
Бір қызығы Ақтөбедеталдардың санағы соңғы рет 1990-шы жылы жүргізіліпті. Сондағы есеп бойынша 330000 тал сол өзгермеген күйі қалған.
Коллаж: Жас АЛАШ