Сардоба сабақтары
Сардоба суқоймасында болған апат, соның салдарынан болған тасқын Қазақстан менӨзбекстанға үлкен сабақ болды.
Бұл су мәселесінде екі елдің өзара келісіп,кеңесіп жұмыс істеу қажеттігін көрсетті. Бұған дейін судың басында отырғанынпайдаланып, білгенін істеп келген өзағамдар ымыраға келе бастады.
Сардобаданкейін қазақстандық атқамінерлер де етек-жеңдерін жиюға кіріскен сияқты.
Сәйкестік пе, кім білсін Сардобадағы жағдайдан кейін Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай суқоймасының маңын шыбын-шіркейден тазарту қолға алынды. Алғаш рет. Көксарай суқоймасы салынғалы осы аймақтағы тұратын халық мамыр, маусым айларында шіркейдензәрезап болып келген еді. Кәдімгі қара майда шіркейден кейбір ауылдардыңтұрғындары далаға шыға алмай қалатын дәрежеге жетті. Бұл мәселе ақпарат құралдарында талай мәрте көтерілгеніменжергілікті атқарушы органдар оншалықты мән бермей келген болатын. Енді міне,биылдан бастап су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Облыстықәкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, арнайы мамандар зиянкестерге қарсыбактериялық препаратты суға құйып, жағалауға шашу әдісін қолдануда. Дәрілікзаттардың ағын суға зиян жоқ көрінеді. Бүгінге дейін мамандар Сүткент елдімекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзенжағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарындағыұзақтығы 30 шақырым жерді залалсыздандырып шыққан. Түркістан облыстықэнергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше,атқарылған шаралардың нәтижесінде шіркейлердің саны 80 пайызға төмендеген
Ал жуырда Қазақстанның экология, геология жəне табиғи ресурстар министріМағзұм Мырзағалиев оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында су нысандары мен арналарды аралап шықты.
-Бүгін Түркістан облысындағы су нысандарының ахуалымен, арналарды тазалаужұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшінөңірде ұзақтығы 108 шақырым арнаны механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалаужұмыстары 74 пайызға орындалды, — деп жазыпты осы сапары туралы министр Twitter-дегі парақшасында.
Министр сондай-ақ, жөндеу жəне жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшінқұрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқан Шардара су қоймасына барған. Мырзағалиевжобада 125 адам жұмыс істеп жатқанын, құрылыстың келесі жылы аяқталатынын мәліметті.
Біз бұған дейін «Жас алашта» су ресурстары комитетініңбұрынғы төрағасы, пара алуға оқталды деген айыппен сотталып кеткен ИсламӘбішевтің түрмеде жатып, адвокаты Абзал Құспан арқылы Шардарадағы қауіптіжағдайға қатысты жолдаған мәлімдемесін жариялаған болатынбыз. Өткен аптадаосыған орай «Қазсушар» мекемесі Түркістан филиалы Шардараөндірістік бөлімшесінің басшысы Абай Муталимовпен хабарласқан едік. Ол:
– Дәл бүгінгі күні Шардара су қоймасына төніп тұрған қауіпжоқ. Бәрі бақылауда,-деді. Оның айтуынша, бүгінгі күні су қоймасында 4 миллиард857 миллион текше метр су бар. Былтыр бұл кезеңде 5 миллиард болған екен.Сырдариядағы су да қалыпты деңгейде.
– Ислам Әбішевтің мәлімдемесін тыңдадым. Қазір Шардара суқоймасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр,-деді басшы.
– Мәлімдемеден кейін бе?
– Жоқ, құрылыс 2019 жылы басталған. Бұл жобаға 8 миллиардтеңге қаралған. 2021 жылы аяқталады. Яғни жөндеу жұмыстары үш жыл бойыкезең-кезең бойынша жүргізіле береді. Мердігер жергілікті «Гирдроқұрылыс» компаниясы,-деген басшы құрылысжұмыстарының сапасы қатаң бақыланып отырғанын да түсіндіріп өтті.
Жалпы бұл Шардара су қоймасында соңғы 10-15 жылда жүргізілген бірінші жөндеуемес. Қайбір жылдары Арнасай мен Шардара бөгеттерін қыруар қаржыға қытайлық бірмердігер компания жөндеген. Қытайлар солжолы жағалаудан жұмысшыларына арнап вагондардан тұрғызылған қалашық салған. Бүгінде сол жер «Қытай қалашық» депаталады. Қытайлар жөндеу жұмыстарын қаншалықты сапалы жүргізді? Егер сапалыжүргізілсе, жөндеу жұмыстарына қазынадан тағы да миллиардттаған теңге бөлінгеніннемен түсіндіруге болады? Бұл сұраққа А. Муталимов:
– Қытайлық компания жөндеу жұмыстарын 2007-2008 жылдарыжүргізген. Жұмыстар сапалы орындалған. Әр жөндеу жұмыстарының өз мақсаты болады. Мәселен бұл жолы жөндеуменбірге дамбалар тұрғылып жатыр,-деп жауап берді.
– Сонда Ислам Әбішевтың мұндай мәлімдеменіне үшін жасап отыр?-деген сауалға басшы «экс-төраға Шардарада жөндеужұмыстарының былтыр басталып кеткенінен бейхабар болуы мүмкін» деген болжамынайтты.
Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5,2миллиард текше метрді құрайды (Сардобаның көлемі 900 миллион текше метр). 8 миллиард теңге дегеніңіз аз қаржы емес,әрине. Оның әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсала ма? Сардобаның ащы сабағынан кейін құзырлыоргандар осы жағына баса мән берсе дейміз.
БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы