Сәтқалиев: Қазақстан арқылы Ресей газын тасымалдау көлемі артады
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдегі газ саласының дамуы туралы есеп берді.
Сәтқалиевтың айтуынша, 2024 жылы Қазақстан аумағы арқылы ресейлік, түркімен және өзбек газын тасымалдау артады. Қазір, елдің газ бойынша транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы қазанда еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталды. 2023 жылы 1,28 млрд м³ тасымалданса, биыл аталған көрсеткішті 3,8 млрд м³-ке дейін арттыру жоспарлануда, әрі қарай 11 млрд м³/жылына дейін ұлғайту көзделген, деді ол.
Сондай-ақ, ол Түркіменстан мен Өзбекстан газын Қазақстан арқылы Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты өсіп келе жатқанын айтты.
Биыл транзитті 37,1 млрд м³-ге дейін арттыру жоспарлануда (+1,5 млрд м³ өткен жылмен салыстырғанда). Бұдан бөлек, Ресей газының Қырғызстанға транзитін арттыру мәселесі талқылану үстінде, деді Энергетика министрі.