Саунада төбелескен шенеунік жаңа қызметке келді
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Нұрлан СӘДІБЕКОВ тағайындалды.
Облыс басшысы Болат БАҚАУОВТЫ ұжымға таныстырды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.Бұған дейін 36 жастағы шенеунік Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болған. Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде де еңбек еткен.Болат Бақауов сенім артқан кадрдың ауыл шаруашылық саласын дөңгелетіп кете алама деген күдік жоқ емес. Өйткені, 2016 жылы аудан әкімінің орынбасары кезінде шаруа қожалық басшыларының бірін соққыға жығып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оқиға Мичурино ауылындағы «Энергетик» демалыс үйінің саунасында болған. Нұрлан Сәдібеков әріптестерімен бірге Ауыл шарушылығы қызметкері күнін тойлау кезінде төбелескен. Алайда, 2017 жылдың тамыз айында Садыбековке қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-тарауы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша 15 АЕК немесе 34 035 теңгеге айыппұл салынды.Фото: pavlodar.gov.kz