Әлеумет

Саябақты да сатыпты

Қарағандықаласында тағы да шу шықты. Орталықтағы Жеңіс саябағына арнайы техника жеткізіп,ағаштарды кесіп жатқандарды көрген жұрт жағасын ұстады.

Саябақты да сатыпты

Бастапқыда ағаштардыкесу түнде басталған.  Ағаш кесіліп жатқан жер бұрын Жеңіс саябағының аумағындаболған. Кейін, неге екені белгісіз, бұл жерді саябақ аумағынан шығарып тастаған.Осыдан кейін жергілікті билік бұл жерді жекеменшікке оп-оңай сата салған. Алайдатұрғындар бұл аумақты саябақтың  бір бөлігі деп есептейді.  Бұл алаңдажасыл желек  көп әрі бұл жерге «Мәңгілік алау» ескерткіші жақын орналасқан.Бір атап өтерлігі,  ағашы кесіліп жатқан жер осыдан 15 жыл бұрынсатылып кеткен. Алайда жекеменшік иелігіне өткен жердің қарын қыста бірнеше жылбойы қаланың коммуналдық қызметі күреп, жазда қоқысын тазартып жүріпті.      Қала тұрғыны Юлия Алексеева: «Басындатүнде келіп, ағаштарды құрта бастады. Тіпті бұл алаңды қоршап, қараңғы жерлергешам орнатты. Саябақтан басқа құрылысқа беретін жер қалмады ма, бұл біздіңбалаларымызбен бірге келіп қыдыратын жеріміз еді. Бұған тыйым салатын билік барма?» – деп қынжылады.      Қарағанды қаласының әкімшілігі болсабұл жердің жекеменшікке сатылып кеткенін әрі бұл аумақтың саябаққа жатпайтынынмәлімдеді. 2018 жылдың 1 шілдесінде  қала құрылысы кеңесі мұнда тұрғызылатынғимарат  жобасын мақұлдап жіберген. Енді бұл аумаққа төртқабатты тұрғын үйсалынады. Тұрғындардың шағымынан кейін қалалық қоғамдық кеңес өкілдері,  ағаш кесіліпжатқан аумаққа барып, тұрғындармен кездесті. Бұл жиынға құрылыс салушының өзі келмеген, тек оның өкілі ғана болды. «Бұл қала тұрғындары қыдырып жүретін,ағаштардың арасында таза ауамен тыныстауға мүмкіндігі бар санаулы орынның бірі. Енді сол мүмкіндіктен айырылғалы отырмыз. Ағаштарға балта шабуды тоқтатуды талап етеміз», – дейді Галина Пак.      Қалалықәкімшіліктен келген шенеуніктер әдеттегідей жұртты сабырға шақырды. Бірақ тұрғындар «әліптің артын бағып» тыныш отыратын жағдайдың өтіп кеткенін айтып, қазіргі тірлікке наразы болуда. Дегенмен атқамінерлер келесі аптада бұлмәселені тағы қарастырамыз деп құтылды.«Келесі аптаның сейсенбісінде қалалық әкімшілікте осы мәселенітағы да талқылайтын болып келістік.  Бұл уақытқа дейін ағаштардыкесу уақытша тоқтатылады», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Марат Түсіпов.     Айта кету керек, Қарағандыда биліктіңсаябақтағы орынды құрылыс үшін сатып жіберуі алғаш рет емес. Былтыр Қарағандыныңорталық саябағындағы жерді билік теннис кортын салуға бермек болған еді. Бұлкезде де тұрғындар саябақтағы ағаштардың кесіліп жатқанын көріп қарсы шыққан. Ақырсоңында сол кездегі облыс әкімі Ерлан Қошанов «теннис корты саябақтасалынбайды» деген ұйғарым жасаған. Өкінішке қарай, Жеңіс саябағы жанындағы босжер шенеуніктер үшін тағы да «бас қатырар» мәселеге айналды.

Арайлым Еркебаева

Қарағанды қаласы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз