Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 30 Мамыр 2024

Саясат Нұрбек: Гавриленко кінәсін толыққанды мойындады

в
Фото: из открытых источников

«Болашақ» орталығындағы дауға қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

Halyq uni басылымының мәліметінше, министр Гавриленконың кінәсін толыққанды мойындағанын айтқан.

Осыдан 2-3 күн бұрын Валерия Гавриленко кінәсін толыққанды мойындап, екіжақты келісімшартқа қол қойылды. Сол келісімшарт аясында ол бүкіл ақшаны қайтаруға жауапкершілік алды. Ал, жауапты тұлғаларға келетін болсақ... Тиісті заңнама аясында Бас прокуратура мәселені бастап кетті, - деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, министр мәселе заң аясында шешілетінін, грант иелеріне талап қойылмайтынын айтты.

«Валерия Гавриленко ақшаны толық қайтарамын деп өзіне жауапкершілік алды, тиісті келісімшартқа қол қойылды. Ол ақшаны төлеуді бастады. Сондықтан гарант иелеріне ешқандай шағым жоқ. Сондай-ақ біз жауап беруші 3 тарапқа шағым түсіруге мәжбүр болдық. Себебі, заң аясында олар да жауапты. Осылай істеуге мәжбүр болдық. Гавриленко барлық ақшаны төлесе, гарант иелеріне шағым болмайды. Менің ойымша, оларға дұрыс кеңес берілмеген. Олар қауіпті сезіп, залалды толық өтейміз деп ойланған. Бүгінде барлық шағым Валерия Гавриленкоға қатысты болады», - деді ведомство басшысы Халық үні басылымына берген пікірінде.

Айта кетейік, бұған дейін Болашақ бағдарламасының түлегі Валерия Гавриленкоға қатысты дау туындаған болатын.

Фото: ҚР Үкіметі