Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 16 Мамыр 2024

Саясаткерге оқ атқан кім?

п
Фото: из открытых источников

15 мамыр күні кешке Словакия премьер-министрі Роберт Фиконың өміріне қастандық жасалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.  

Саясаткер Гандлова қаласында ел үкіметінің шеруі өтіп жатқан ғимараттан шыққаннан кейін оққа ұшқан. Ұсталған күдікті Словакияның батысындағы Левица қаласының 71 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қаруды заңды түрде иеленген, деп жазады Aktuality. Ta3 жеке телеарнасының хабарлауынша, оқ атқан жазушы Юрай Цинтула болған. Ол оппозициялық «Прогрессивті Словакияға» жанашыр болғаны айтылады. Атыс нәтижесінде Фико кеуде, іш және иығынан жарақат алды. Атап өткендей, Цинтула алдымен: «Робо, мұнда кел» деп айғайлаған, содан кейін бес рет оқ атылған.

Бүгін Роберт Фиконың өміріне қастандық жасалды. Ол бірнеше жарақат алған және өміріне қауіп төніп тұр. Қазіргі уақытта ол тікұшақпен Банска-Бистрицаға жеткізіліп жатыр. Бәрі алдағы бірнеше сағатта шешіледі, - делінген Роберт Фиконың Facebook-те жарияланған хабарламасында.

Саясаткерге жасалған қастандыққа көптеген елдердің басшылары көңіл айтып, қолдау білдірген.

Қазақстан Президені Қасым-Жомарт Тоқаев та Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді. Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлады Ақорда. 

Фото: Radovan Stoklasa / Reuters