Саясат

Семейдің әкімі туған күнін Сенатта қарсы алды

Семей қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған Бақытжан Байахметов күні кеше Парламент Сенатының депутаты атанды.

Семейдің әкімі туған күнін Сенатта қарсы алды

Жыл сайын түрлі «сайлау науқанына» еті үйренген жұртшылық жаңадан құрылған үш облыстан (Абай, Ұлытау, Жетісу) Парламент Сенатының екі депутаты "өтетіндігінен" хабардар болғаны белгілі. Міне, жақында өткен Сенат сайлауында Абай облысынан ұсынылған екі үміткердің айы оңынан туды. Сол екеудің бірі — біз тілге тиек еткен Бақытжан Байахметов, ал екіншісі Семей қалалық мәслихатының депутаты,"Қайнар«колледжінің директоы болған Айнұр Арғынбекова. 

Ал бүгін Семей төріндегі „Бейбітшілік“ аралында 29-тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының тоқтатылғанына 31 жыл толды. Оған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың не себепті қатыспағаны түсініксіз. Ең қызығы сол бүгін Семей қаласының әкімі қызметінен Сенат депутаттығына „секірген“ Бақытжан Байахметовтің туған күні екен. Бәлкім, қазір Сенаттың „свежи“ әкімі „атап өтуге“ кірісіп, сенаторлар сеңдей соғылып жүрсе таңғалуға болмайды. Себебі бұл — »Жаңа Қазақстан" ғой...

Тегтер: Без Тега
Сәтжан Қасымжанұлы
Сәтжан Қасымжанұлы Сәтжан Қасымжанұлы

Оқыңыз