Live

«Семей орманы» резерватында тағы екі орман өрті тіркелді

20 шілде күні түстен кейін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында бірден екі жаңа орман өрті шықты.

Семей

Орман шаруашылығы комитетінің мәліметінше, өрт Семей филиалына қарасты Қала маңы орманшылығының 55 және 65-кварталдарында тіркелген. Әр өрт ошағының аумағы шамамен 2 гектарды құрайды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған. Өрт қарағайлы орманда төменгі қабатпен таралғанымен, қарқындылығы жоғары екені айтылды.

Қазір оқиға орнында резерват қызметкерлері, ТЖМ бөлімшелері және «Қазавиаорманқорғау» мамандары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге екі тікұшақ, алты автоцистерна, үш трактор, ТЖМ-нің алты техникасы және 37 орманшы мен құтқарушы жұмылдырылған.

Бүгінгі күннің өзінде елімізде жалпы 19 орман өрті тіркелген.

Тегтер: Семей орманы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз