Қоғам

Семейде 13 жастағы оқушы сыныптас досына 15 рет пышақ сұққан

Семейде 13 жастағы екі сыныптас арасында жанжал болып, жасөспірімдердің бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққан. Оқиға сабақтан кейін мектеп маңында болған.

полиция

Ауыр жарақат алған бала қан жоғалтқанына қарамастан, өздігінен жақын маңдағы үйге барып, көмек сұраған. Оны дәрігерлер ауруханаға жеткізді. Жасөспірімге төрт сағатқа созылған ота жасалған.

Дәрігерлер оның іш қуысына пышақ кіргенін және бүйрегінің зақымданғанын анықтаған. Қазір баланың жағдайы тұрақталған. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Жанжалға қатысқан екінші жасөспірім де жеңіл жарақат алған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйінде отыр.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, екі бала бір сыныпта оқиды және жақын дос болған. Бұған дейін олардың ешқайсысы профилактикалық есепте тұрмаған. Жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жасөспірімдердің жасына байланысты істің өзге мәліметтері жарияланбайды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз