Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:21, 08 Тамыз 2024

Семейде АЭС салынуына қарсы шыққан белсендіні полиция ұстап әкетті

к
Фото: NewsHub.kz

Бүгін Семейде атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті. Тыңдауға қатысушылардың бірі, белсенді Елдос Досанов Қазақстанда атом электр стансасының салынуына қарсы шығып, залда не болып жатқанын видеоға түсірген. Содан кейін полиция оны залдан «қуып шықпақ» болған.

Досановтың айтуынша, ол сот отырысынан кейін вокзалға баруға келіскен, бірақ тәртіп сақшылары оны залдан шығарып, патрульдік көлікпен алып кеткен.

«Бұл азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін ерікті түрде ішкі істер органының ғимаратына, яғни Затон ПБ-на хаттама жасау ұсынылды. Алайда бұл азамат ішкі істер қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай отыр. Осыған байланысты ол енді Затон полиция бөліміне жеткізіледі, оның құқығын ешкім шектемейді, оның біздің барлық әрекетімізге шағымдануға құқығы бар, материал қаралады», - дейді Семей қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жандарбек Ахметжанов Newshub.kz басылымына.

Ал, энергетика министрлігінің баспасөз қызметі де аталған оқиғаға тоқталмай, тек «жұртшылық пен облыс тұрғындары атом электр станциясының құрылысына қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, спикерлермен талқылағанын» мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін, яғни 2023 жылдың 20 қазанында Елдос Досанов «Оян, қазақ» фильмін жұртшылықпен көргеннен кейін саяси мәлімдеме жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Содан кейін ол жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.