Сенатор: Халықты масыл жасаған өзіміз
Бүгін ПарламентСенатында заң шығару процесін одан әрі жетілдіру мәселесі туралы парламенттіктыңдау өтті.
Онда жоғарғы палата депутаттары заң әкелетін органдардың кемтұстарын айтып, бірнеше ұсыныс әзірледі.
Сенатдепутаттарының көбі мемлекеттік органдар дайындап әкелетін заң жобаларыныңсапасыз болатынын, қазақ тіліндегі нұсқасында қате көп кететінін, тіпті, кейдеалдарына мүлде керек емес заң жобалары да келетінін айтып, пікір таластырды.
Кезінде жоғарғысотты басқарған Бектас Бекназаров қана әріптестерін қате заңдарды қабылдайтын орган сенатболғандықтан, түпкі жауапкершілік депутаттарда екенін мойындауға шақырды.
«Масылдықты меңзейтін заң»
БектасБекназаров кейбір заңнамалық актілергеатаулы әлеуметтік көмек туралы өзгеріс асығыс енгізілгенін, соның салдарынан,қоғамда дау-дамай басталғанын айтты.
«Қазір қоғамда еңкөп талқыланып жатқан әлеуметтік мәселені қарайық. Тез арада дайындалып,әлеуметтік атаулы көмек туралы заң қабылданды. Әрине, түсінемін, тез арадақабылдау керек болды. Бірақ, осыны талқылау кезде ол заңның неге апарыпсоқтыратынын болжай алдық па? Қазір масылдық деген мәселе айтылып жатыр. Ал,осы масылдықтың туындауына осы заң үлес қоспады деп кім айта алады? Оны халықкөріп отыр.
Бес баласы бар, күні-түні еңбекетіп, ата-анасы екі жақтан жұмыс істеп жүрген отбасын әрқайсысына шаққандағытабысы 21 мың теңгеден асып кетті деп, мемлекеттік көмектен тыс қалдырдық.Сөйттік де, ешқандай жұмысы жоқ, аракідік табыспен күн көріп жүрген отбасыларғабейғамдықты меңзейтін заң қабылдадық. Меніңше, ойландыратын мәселелер», — дейді сенатор.
Заң шикі болса, алдыменкінәлі – депутаттар
Бектас Бекназаровмемлекеттік органдарды сынап жатқан депутаттар алдымен халық алдындағы өзжауапкершілігін толық сезіну керек дейді.
«Бүгінгіпарламенттік тыңдауда үкіметке де, соның ішінде әділет министрілігіне де,мемлекеттік органдарға да біршама сын айтылды. Оның бәрі, әрине, дұрыс. Бірақ,құрметті әріптестер, мен барлығымыздыңназарымызды мына мәселеге аударғым келеді. Осы заңдардың бәрін қабылдайтынкімдер, қандай орган? Шала болсын, асығыс дайындалған болсын, көп нәрсесіжан-жақты тексерілмеген болсын, ол заңдарды қабылдап отырған бір ғана орган –Парламент Сенаты. Ол біздің өз жауапкершілігіміз. Сондықтан, құрметтісенаторлар, егер қабылданған заң уақыт талабына, адам құқығы талабына сайкелмейтін болса, халықтың алдында ең бірінші кінәлі осы залда отырған біз.Осыны естен шығармайық», — деді мінберден сенатор.
Депутат осығандейін «мыңдаған, мыңдаған емес, тіпті, миллиондаған ааматтардың құқығынқамтитын кодекстердің өзі қабылданған кезде алдын ала болжамы жоқ, жаңсаққадамдарға барғандарын» мойындады.
«Мысалы, біз осыданбіраз жылдар бұрын әкімшілік-құқық бұзу туралы кодексті қабылдадық. Солкодексті талқылаған кезде, көптеген нормаларды бұзған азаматтарға қатысты өтеүлкен айыппұлдар белгіледік. Ол мыңдаған адамның тағдырына әсер етті. Бірнешежыл өтпей жатып ол айыппұлдардың мөлшерін бірнеше еселеп азайттық. Сөйтіп, жанжақты талқыланбаған қате шешімге бардық.
Қылмыстық кодекстіде қабылдадық. Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілген кезде әкімшілің құқықбұзу кодексіндегі елуден астам фактілерді қылмыстық кодекске ауыстырдық. Солкезде керісінше, қылмыстық кодексті ізгілендіру мәселесі көтеріліп жатқанболатын.
Кейін өмірдің өзікөрсетті, әкімшілік жауапкершілікпен шектелетін жағдайда көп адамды қылмыстықжауапкершілікке апардық. Біз жауаптымыз ба? Меніңше, жауаптымыз», — дедідепутат.
Сондықтан, депутаткез келген заңның, кодекстің сапалы болуына халық алдында және президент алдында ең бірінші жауапты депутаттарекенін естен шығармауға шақырды.