Сербияда қаза тапқан қазақстандықтың өліміне қатысты әкесі күмән келтірді
Сербияда Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда көз жұмды.
Марқұмның туыстарының айтуынша, бойжеткен Белградтағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлаған. Олар бұл оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп, оның жазатайым оқиға болмаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Марқұмның әкесі видеоүндеу жариялап, қызының өліміне қатысты бірқатар сұрақ туындағанын айтты. Оның сөзінше, оқиғаға Влад есімді жігіт пен Украина қыздарының қатысы болуы ықтимал. Сондай-ақ ол қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматының қаза тапқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Министрлік бұл істің ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.