Қоғам

Сербияда қазақстандық бойжеткен жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Сербия астанасы Белградта Қазақстан азаматының қаза табуына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Қылмыс

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, бойжеткен тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлаған. Алайда оның өліміне қатысты нақты мән-жайлар әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Ал бойжеткеннің әкесі Threads әлеуметтік желісінде видеоүндеу жариялап, қызының өліміне қатысты күмән тудыратын жайттардың бар екенін айтты. Ол оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырды.

Әкесінің сөзінше, қызы араласқан жас жігіттің бұл оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда ол бұл мәлімдемесін растайтын дәлел ұсынған жоқ. Құқық қорғау органдары да әзірге бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын Сербияның құзырлы органдары анықтап жатыр.

Тегтер: Сербия қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз