11:31, 08 Сәуір 2024
Сергеев су қоймасы тасуы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы бұрын-соңды болмаған межеге жетті.
24.kz таңғы 8-дегі мәлімет бойынша, бөгет үстімен ағып жатқан судың биіктігі 4 метр 15 сантиметрге жеткенін хабарлады.
Осыған байланысты Есіл өзенінің бойындағы Бірлік, Жарқайың, Қаратал, Николаевка ауылдарының 100-ден аса тұрғыны алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңға жуық мал да әкетілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір облыс бойынша 28 жол аумағын су шайып жатыр.
Фото: qyzyljarnews.kz