Қоғам

Сергек көлік жүргізушілерінің қалтасын қағып жатқан жоқ па?

Алматылық жүргізушілерге 4,5 млрд теңгеден астам айыппұл салынған

Сергек көлік жүргізушілерінің қалтасын қағып жатқан жоқ па?

ОКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл жүргізушілерге салынған айыппұлдардың жалпы сомасын атады. Сағынтаевтың айтуынша, қалада бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр. 

Осы жылдың басынан бері  қалаға 404 «Сергек» аппараты орнатылды. Оның 21-і Алматы қаласының кіре-берісіне ілінген.

«Биылғы 10 айда камералар 650 мыңнан астам жол ережесін бұзуды анықтады. 4,5 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Олардың 2,6 миллиард теңгесі яғни  жалпы соманың 57,7 пайызы өндірілді», — деді Бақытжан Сағынтаев. 

Жалпы, қазірде «Сергек» аппаратына қатысты қала халқының пікірі екіге жарылып отыр. 

Бұған қатысты әкім Сағынтаев

— «Сергек аппараттары біреулерге үнайды, ал енді жол ережесін жиі бұзатындарға әрине, бұл аппарат ұнамайды. Бірақ заңға, талапқа бағыну керек» деді. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз