Саясат

Серікжан Біләшті сынамас бұрын айнаға қарайықшы

Құқық қорғаушы, публицист Сергей ДУВАНОВ «Атажұрт»еріктілері ұйымының жетекшісі Серікжан БІЛӘШТІҢ босап шығуына қатысты өзпікірін білдірді.

Серікжан Біләшті сынамас бұрын айнаға қарайықшы

«Біз үнемі бір жағдайғакуәгер болып жүрміз. Халық қолдап тұрған ең жауапты сәтте билікпен ымырағакелеміз. Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Мұхтар ШАХАНОВ, Әміржан Қосанов. Бұлардың қатарына ендіСерікжан Біләш қосылды», — деп жазды Сергей Дуванов facebook.com парақшасында.

2019 жылдың наурыз айында Серікжан Біләш ұсталған еді.Оған ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, тектік-топтықнемесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша айып тағылған. 174 баптың 1-бөлігібойынша 7 жылға дейін сотталуы ықтимал еді.

Кеше Алматы қаласы Әуезов аудандық соты оған 110 теңгекөлемінде  айыппұл салып босатқан.Қоғамдық белсенді бұл іс президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ араласуыменаяқталғанын мәлімдеді. Біләштің адвокаты Айман ОМАРОВА мемлекеттік айыптаушыныңСерікжанға айыбын мойындап, процессуалдық келісім жасауды ұсынғанын айтқан еді.Qaznet-те «Атажұр» басшысын сынаушылар көбейді. Тіркелмеген «Атажұрт»еріктілері ұйымы Қытайдағы саяси лагердегі қазақтардың жағдай туралы ақпараттартаратқан еді.

«Біздің лидерлердің қорқақболуы, соңына дейін күреспейтіні олар да біз сияқты. Олардан ерлік пенбатырлықты талап етпес бұрын, өзіміздің үрейлі көзімізді көру үшін  айнаға қарауымыз керек», — деп жазды СергейДуванов.

Фото: news.yahoo.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз