Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 27 Қараша 2024

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев
Фото: Қарағанды әкімдігі

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды ​​облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігіндегі арнайы комиссия мақұлдаған.

"Менің өз жоспарларым, идеяларым бар. Туған жерімді спорт өлкесіне айналдырғым келеді. Алдымен барлық ведомстволық ұйымдарды ыңдап, облысты аралаймын. Содан кейін шешім қабылдаймыз», – дейді боксшы.

Айта кетейік, қараша айында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов облыстық спорт басқармаларындағы басшылардың жаппай ауысуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол кезде 10-нан астам облыста спорт басқармаларының басшысы қызметтерін босатты.

Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007, 2009).

Сәпиев 2019 жылдың қаңтарында Спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарды. 2021 жылдың қазан айында оның отставкаға кеткені белгілі болды.

2023 жылдың сәуірінде Серік Сәпиев Қазақстан спортшылар одағы президиумының төрағасы болды.

Тегтер: