«Сержанттар ұрып-соққан»: Ақтөбеде әскери бөлімдегі сарбаздың соққыға жығылуына қатысты тергеу басталды
Ақтаудан әскерге шақырылған сарбаздың әскери бөлімде бірнеше рет соққыға жығылғаны туралы мәлімдемесінен кейін Ақтөбеде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, оқиға №6655 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбазға қатысты болған. Қазір істі ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі тергеп жатыр.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ведомство жан-жақты әрі объективті тексеру нәтижесінде жағдайға тиісті құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін сарбаздың анасы 18 жастағы Еркебұлан Досымбеттің 2026 жылғы 3 шілдеден бері Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргенін айтқан. Оның сөзінше, ұлы ауруханаға түскеннен кейін әскери бөлімде сержанттар бірнеше рет ұрып-соққанын айтқан.