Шахтинскіде екі ер адам құдыққа құлап кетті
Оқиға Парковая көшесінде болған.
Кафе қызметкерлері септикті тазалау кезінде бірнеше метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен.
66 және 69 жастағы ер адамдар өз күштерімен сыртқа шыға алмаған.
Кафе иесі төтенше жағдайлар қызметін шақырған.
Құтқарушылар арнайы баспалдақ пен арқанның көмегімен зардап шеккендерді құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Ер адамдар Шахтинск қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді.