Әлеумет

Шамалғандағы жол апаты: Бас көлік прокуратурасы мәлімдеме жасады

Генерал ЕрнатСЫБАНҚҰЛОВ басқаратын бас көлік прокуратурасы Шамалғандағы жол апатына қатыстымәлімдеме жасады.

Шамалғандағы жол апаты: Бас көлік прокуратурасы мәлімдеме жасады

Бұл туралы «Жас АЛАШ»құзырлы орган баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«15 қыркүйек күні сағат 19.20-да Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткеліндеАлматы-Қостанай бағытындағы пойыздың жолаушылар автобусымен соқтығысуы орыналған. Алдын ала деректер бойынша 1 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақаталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі (теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) және 345-бабының3-бөлігі (жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген хабарламада.

Қазір жедел тергеутобы құрылып, қылмыстық іс бас көлік прокуратураның бақылауына алынған.

Фото: zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз