Шамалғандағы жол апаты: Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде
Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментініңхабарлауынша үш адам Қарасай аудандық орталық ауруханасында.
Оларға барлық медициналықкөмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы «Жас АЛАШ»сайтының өңірдегі тілшісіхабарлайды.
«Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан3 адам зардап шегіп, 1 адам мерт болды. 2014 және 2016 жылы туған балалар мен33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасынанзардап шеккендердің жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтаубасқармасы.
Облыстық жедел жәрдем станциясына 15 қыркүйек күні 19сағат 26 минутта 67 орындық автобус пойызбен қақтығысқаны жөнінде ақпараттүскен. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем көлігі 15 минутта жеткен. 1979 жылы туғаназамат оқиға орнында көз жұмған.Фото:vestirama.ru