Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:22, 13 Ақпан 2024

Шавкат Рахмонов ұлттық нақыштағы киімдерді сатылымға шығарды

Шавкат Рахмонов
Фото: из открытых источников

Жартылай орта салмақта қазақ аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов отандық өнім, қасқыр мен түлкі терісінен тігілген тымақтарды сатылымға шығарды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы Аслан Қаженов Facebook парақшасында жазып, бастамаға сәттілік тіледі. 

Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиардттаған қаржыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңгеде де алмайды. Бірақ еліміздің абыройын асқақтатуға және өзіндік иммидж қалыптастыруға масқара үлес қосады. Соның айғағы – мына басына киіп отырған тымағы, - деп жазба қалдырды.

Әр жекпе-жегіне тымақ киіп шығатын Шавкат шетелдіктерді қызықтырып қойған еді. Енді міне, спортшының қолтаңбасы бар тымақты тапсырыспен алуға мүмкіндік туды. Сатылымға шыққан тымақтардың бағалары әртүрлі.

UFC-дің жұлдызы Шавкаттың бұл бастамасына жанкүйерлері қолдау білдірді.