«Шерхан Аймахан қылмыс жасап жатқанын нақты білген» – Сарапшы
Бүгін Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
Сот процесі барысында сотталушы Шерхан Аймаханның психикалық жағдайы мен іс-әрекеттеріне қатысты сараптама қорытындылары тыңдалды.
Сараптама өту барысында сотталушының қоғамға қауіп тудырмайтыны анықталды. Шерхан Аймахан сот тергеу амалдарына толыққанды қатысып, өз құқықтарын қорғай алады.
Сарапшылардың тұжырымынша, сотталушы қылмыс жасаған сәтте өз іс-әрекетінің сипаты мен салдарының мәнін толық ұғына алған және оған жауап бере алатын күйде болған.