Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:36, 05 Маусым 2024

Шешенстан үкіметіндегі 23 лауазымның тоғызында Қадыровтың туыстары отыр - БАҚ

у
Фото: из открытых источников

Рамзан Қадыровтың жиені Адам Черхигов Шешенстанның көлік, коммуникация және цифрлық даму министрі болды. Бұл туралы Қадыров өзінің Telegram-каналында хабарлады.

Чергиговқа дейін бұл қызметті оның әкесі Рамзан Чергигов атқарған. Бұл соңғы жарты жылда министрлік орнының екінші рет мұрагерлікке берілуі.

Адам Черхигов тағайындалғанға дейін Шешенстан үкіметінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі комитетін басқарған.

«Жастығына қарамастан, оның басшылық қызметте үлкен тәжірибесі және министрлік алдында тұрған міндеттерді тиімді және нәтижелі орындау үшін қажетті кәсіби дағдылары бар», - деп жазды Қадыров.

Соңғы 17 жылда, 2007 жылдан бері министрлікті Адамның әкесі 57 жастағы Рамзан Черхигов басқарды. Оның жаңа тағайындалуы туралы ақпарат жарияланған жоқ. Адам Черхиговтың анасы - Зарған Қадырова, Рамзан Қадыровтың әпкесі.

2023 жылдың қарашасында Шешенстанда тағы бір министрлік қызмет атадан балаға өтті. Қадыровтың күйеу баласы, республика премьер-министрінің орынбасары Иса Тұмхаджиев автомобиль жолдары министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Қадыровтың көмекшісі болған әкесі Абубакар Тумхаджиевті ауыстырды.

Ресейлік Агентство.Новости арнасы Шешенстан үкіметіндегі 23 лауазымның тоғызында Рамзан Қадыровтың туыстары отырғанын жазады. Ал мамыр айының соңынан бастап республика үкіметін Қадыровтың «оң қолы» Магомед Даудов басқарды.

 

Фото: https://vk.com/ramzan?z=photo279938622_457312290%2Fphotos279938622