Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:38, 03 Мамыр 2024

ХҚКО-лар арқылы 462 автокөлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды

ч
Фото: из открытых источников

Мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.

Биыл 25 сәуір күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады.

Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, «Web-Модуль» ҚКО» және «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды. 2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды. Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 «көмекшіге» бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ, 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, делінген хабарламада.

Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды. 

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay

Тегтер: