Әлеумет

Шетпедегі шаң немесе 25 карьер қашан жабылады?

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы шебінөндіретін карьерлердің кесірінен шаң көтеріліп, адам денсаулығына зиян келтіріпотырғанын айтып жергілікті билікке арызданып жатыр.

Шетпедегі шаң немесе 25 карьер қашан жабылады?

Дегенмен қоғам белсенділерініңайтуынша бұл мәселе бірнеше жылдан бері қозғалса да карьер иелері қарапайым тұрғындардыбылай қойғанда, облыстағы басшылардың да сөздерін құлағына ілмейтін көрінеді.

«Былтырғы жылы аймақты Ералы ТОҒЖАНОВ басқарып отырғаншағында карьерлердегі шаң ауыл жұртына зиян шектіріп жатқанын айттық. Тұрғындаршағымын ескеріп Маңғыстау ауданы әкімдігі мен атқарушы орган өкілдері комиссияқұрып, тас уату жұмыстарын жүргізетін «Маңғыстау қазына" ЖШС,«Дженгиз ишаат», «Интегрейтед Саплай Сервис»,«Мұңал-М» ЖШС, «Азия тас 1000» сияқты көптеген компанияныңөкілдерімен кездесіп, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың ережесін бұзыпотырғанын өз көздерімен көрген. Ережеге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар шаңшықпауын бақылап, күніне үш мезгіл су сеуіп отыруға міндетті. Комиссиямүшелерімен тілдескен карьер басшылары су себетін қондырғылар орнатып жатқанынайтып, мәселе сол күйінше жылы жабылған. Бірақ ешқандай да өзгеріс жоқ», — дейдіШетпе ауылының тұрғыны Амалбек ИМАШ.

Жуырда ғана облысәкімінің орынбасары Бақытжан ҚАШАҚОВ Қаратаудың қойнауын толассыз үңгіп жатқанкарьерлерге барған екен. «МККДСМ" мекемесінің «аты бар да, заты жоқ» сусебетін қондырғылары мүлдем жұмыс жасамайтын көрінеді. Ауыл мен қиыршық тасөндіретін карьерлер арасы 1 шақырымға да жетпейді. «Карьерден шыққан шаң көзді ашып жүруге де мүмкіндік бермейді. Тіптіденсаулығымыз сыр бере бастады. Қанша басшы ауысып, өз уәделерін үйіп-төгіпкетеді. 15 жылдан бері таусылмаған жыр ғой. Мәселе шешілмейтін болса басқажерге көшкіміз де келіп отыр", — деп ауыл тұрғындары қоғам белсенділеріненазын жеткізді.

Шетпеде 30 мыңғажуық халық қоныстанған. Заңсыз жер иемденген 27 мекеменің басшыларыжиналыстарда жүзін де көрсетпейді. Қаратаудың етегі кең. Ауылдан әрірек тұстаншебін өндіруге болады. 8 карьер 2 гектар жерді заңсыз алған. Оны жергіліктібилік те мойындап отыр. Адам өмірі араша сұрап тұрған кезде шешілмейтін бұл немәселе ?!, дейді облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Киікбай ЖАҚЫПҰЛЫ.

Карьерлерді арнайыбақылаған  облыс әкімінің орынбасары БақытжанҚАШАҚОВ 1 айдың ішінде карьерлер жыраққа көшірілетін болсын деп Маңғыстауауданының әкімі Тілек ЖЕТКІЗГЕНҰЛЫНА тапсырма берген. «Атқамінерлердің осылайшағымымызға құлақ асып отырғанына разымыз. Бірақшешілсе жақсы ғой, бұл мекемелердің басшылары жоғарыда «көкелері" барбіреулер емес пе деп қорқамыз" дейді Шетпе тұрғыны Амалбек Имаш.

Ауылдағы карьерсаны 1998-2000 жылдары үшеу болса, 2005-2008 жылдары 4, 2010-2014 жылдары 13,2015-2016 жылдары бесеуі қосылған. Карьер саны бүгінде 25-ке жеткенімен,экологиялық талаптарды сақтау жағы көңіл көншітпейді. Шетпе – Маңғыстауоблысындағы 90 жылдық тарихы бар ең көне ауданның орталығы. Ғалымдардыңайтуынша, Шетпе топонимі парсының чешме – «қайнар көз, бұлақ» деген сөзіненпайда болған. Бірақ Қаратаудың етегіне жайғасқан Шетпенің аты бүгінде бұлағыменемес, керісінше бұрқыраған шаңымен қатар аталады. Жыл сайын жазылып та,айтылып жүрген мәселені тұрғындар шешетін уақыт келді деп санайды. Әйтпесе,қиыршық тас өндіріп отырған карьерлер адам өміріне үлкен қауіп төндіреді депесептейді.

Фотолардың авторы Талант ҚҰСАЙЫН.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз