Әлеумет

Шетпедегі жарылыстар қашан тоқтайды?

Биыл қыркүйекайында Маңғыстау өңіріндегі Шетпе елді мекенінің тұрғындары жақын маңдағыҚаратауды үңгіп, шебін өндіріп жатқан карьерлерден ұшқан шаңнан зардап шегіпотырғанын жазған болатынбыз.

Шетпедегі жарылыстар қашан тоқтайды?

11 қараша күні түскі уақытта карьерлердің біріндекезекті рет өте жоғары зарядта тау жарып, дүмпу ауыл тұсына дейін жеткен. Талайжылдан бері денсаулығымыз сыр бере бастады деп жұртшылық арызданып, қоғамбелсенділері мәселені көтерген соң қыркүйек айында облыс әкімінің орынбасарыБақытжан ҚАШАҚОВ бастаған арнайы комиссия құрылып, бірнеше карьерлердің заңсызәрекеттерін әшкерелеген. Тексерістен кейін ауыл маңына жақын карьерлердегі тасуатқыш техникалар жыраққа көшірілетін аудан әкімі Тілек ЖЕТКІЗГЕНҰЛЫ айтқанболатын. Кез-келген мемлекет үшін адам өмірі бірінші кезек маңызды екенінескерсек, ауыл жұртының бұл ретте шағымдануы жөн.

«Мәселе әлі күнге дейін шешілмей тұр. Құзырлы орындарғашағымымызды айтып жатырмыз. Толықтай жауап жоқ. Карьерлердің жанына барсақ,жолатпайтыны да анық. Халықтың қалаулысы дейтін депутаттар да әлі үнсіз отыр», — дейді Шетпе тұрғыны Амалбек ИМАШ.

Тағы айта кетерлікжайт — аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен карьерлер мәселесіне байланыстықоғамдық тыңдаулар жиі өткізіліп тұрады. Жергілікті билік өкілдері проблеманышешеміз дегенімен, тұрғындар сенбейтінін айтады.

Фотолар автордікі.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз