Шығыс Қазақстан облысының аудан әкімдігі әлеуметтік желілерде жағымды пікір жазуға 3 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі 3,19 млн теңгеге «Әлеуметтік желіде жұмыс істеу алгоритмі бойынша қызмет көрсету» қызметін сатып алу туралы шарт жасасты.Техникалық спецификацияда сатып алудың негізгі мақсаты әлеуметтік желілерде діни экстремизм мен «мемлекеттің тұтастығын бұзуды насихаттайтын» бейнероликтерді тарату болып табылады деп көрсетілген. Алайда, сипаттамадан ары қарай, тендердің көп бөлігі әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлермен жұмыс істеуге арналған, делінген арна хабарламасында.
Тендер сипаттамасында бұл өңірдегі проблемаларды анықтап, оларды жедел шешу үшін қажет екені айтылған. Сонымен қатар, тапсырыс беруші де түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы «саяси жағдайға байланысты қоғамдық пікір қалыптастырғысы келеді».
Ол үшін мемлекеттік орган жағымсыз жарияланымдарға түсініктеме беретін белсенді пайдаланушылар тобын (кем дегенде бес аккаунт) құрғысы келеді. Тендер авторлары: сын туындаған кезде «екi сағаттың iшiнде сол есеп бойынша түсiндiрулердi (әкiмдiктiң нұсқасын) жариялауды», «қоғамдағы негатив пен жақсы пікірлерді теңестiрудi», сондай-ақ «қарсы тепе-теңдiк ретiнде жағымды жаңалықтар лентасын шығаруды» көздеп отыр, деп жазады арна.
Арнаның жазуынша, бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі негатив пікірлерді бақылау қызметтерін бірінші рет сатып алуы емес.