Live

Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды

Шымкент қаласының полициясы адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оған іздеу жариялады.

1

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті марқұм қызбен таныс болған. Қыздың денесіне бірнеше пышақ жарақаты салынғаны белгілі.

Қылмыс жасады деген күдікпен 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады.

Otyrar.kz порталы таратқан бейнежазбадан тәртіп сақшыларының қолында бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар бар екенін көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс көшеде жасалуы мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз