Live

Шымкентте студент қызды өлтіру ісі бойынша 28 жастағы күдікті ұсталды

Шымкентте 21 жастағы студент қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 28 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Жастар театры

Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдікті қаладан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық аумақта табылған. Оны іздеуге департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары Шымкентке кіріп-шығатын жолдарда бақылауды күшейтіп, қала маңын толық тексерген.

«Ұсталған азаматтың жасы — 28-де, ол Шымкент қаласында тұрады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті марқұммен таныс болған», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазір тергеу органдары қылмыстың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан қаза тапқан. Сол күні-ақ полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны іздеуге жариялаған болатын.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз