Шотландияда Лох-Несс тіршілік иесін іздеу басталды
Шотландиялық еріктілер Лох-Несс тіршілік иесін кейінгі 50 жылдағы ең үлкен іздеу жұмыстарын бастады.
Су айдындарын зерттеу 26 және 27 тамызда жүргізіледі.
Іс-шараны Лох Несс орталығы мен Лох Несс барлау зерттеу тобының өкілдері ұйымдастырды. Оған елдің түкпір-түкпірінен шақырылған зерттеушілер мен аңшылар қатысады.
Олар бұрын қолданылмаған заманауи құрылғылардың көмегімен көл түбін зерттейді. Жабдықтың құрамына судың жылулық суретін түсіретін инфрақызыл камералары бар дрондар, сондай-ақ су астындағы дыбыс сигналдарын анықтайтын гидрофон кіреді. Бұған дейін 1972 жылы Лох-Несс жаратылысын кең ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді.
VI ғасырда өмір сүрген шотланд монахы алғаш рет Лох-Несс жаратылысы немесе Несси туралы жазба жазды. Ол жаратылыстың «денесі үлкен, бойы ұзын» деп сипаттады. Алайда оның сөздері расталмаған.
Сонда да аңшылар, жаяу жүргіншілер мен балықшылар «Нессидің» бар екендігін айтып келеді. Ал жаратылыс бейнеленген «фотосуреттер» баспасөзде, әлеуметтік желілерде таралуда. «Несси» туралы аңыздар мен жаңалықтар Лох-Несске туристердің аағылып келуіне себеп болды.
2019 жылы көлдегі ДНҚ үлгілерін зерттеген зерттеушілер Лох-Несс жаратылысы алып жыланбалық болуы мүмкін деген болжам жасады.