Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:29, 16 Қаңтар 2024

«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қаза тапты

Шұбаркөл Көмір
Фото: из открытых источников

«Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде жұмысшы пойыз астына түсіп қаза тапты, деп жазды Zhasalash.kz

Қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған. Ал «Шұбаркөл Көмір» басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін жеткізді.

«Кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болды. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды», - делінген хабарламада.