Әлеумет

Шуда спорт кешені салынып жатыр

Жамбыл облысы Шуауданы Белбасар ауылында заман талабына сай зәулім спорт кешені бой көтеруде.

Шуда спорт кешені салынып жатыр

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80пайызы аяқталған бұлнысан осы елдімекенде туып өскен азаматтардың қаржысына салынып жатыр.

Осынау жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында қолға алынған. Спорт кешенінің пайдалануға берілуін жергіліктіжеткіншектер тағатсыздана күтіп жүр. Мәселен біріболашақта бокстан Олимпиада чемпионы болғысы келсе, енді бірі жауырыны жериіскемейтін палуан болғысы келеді. Зілтемір көтеріп әлемді мойындатқысыкелетін, футбол жұлдызы болсам, аузымен құс тістеген желаяқ болуды армандайтынбелбасарлық бозбалалар ауылдарынан спорт кешені салынып жатқанына ерекшеқуанышты.

Белбасарлықбалалар ғана емес, ауыл тұрғындары да дән риза. «Бір мезгіл спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтынұстанатын болдық. Бірлі-жарым болса да жұмыс орны ашылатын болды»,-деп қуанып отыр.

Айталық, Белбасарауылының тұрғыны Жорабай Құтжанов:

 Бұл біздің ұрпағымызға, келешегімізге өтежақсы болды. Балалардың бәрі спортқа құлшынып жатыр. «Қашан бітеді?» депнемере, шөбереміз күтіп жүр. «Қашан барамыз» деп. Бұйыртса жақында бітіп қалады.Барлығымыз барамыз. Сосын біздің ауылда жаттықтырушылар бар. Бокстан,классикалық күрестен. Олар да күтіп жүр, -дейді.

Спортнысанының құрылысы былтыр басталған болатын. Жоба құны400 миллион теңгеге жуықтайды. 200 орындық заманауи кешен әлемдік стандартқасай етіп тұрғызылды. Бұл Белбасар ауылында барлық деңгейдегі жарыстардыөткізуге мүмкіндік бередідепкүтілуде.

– Біздің бастамамыз жан-жақтан шығып жатқанқалталы азаматтардың ауылға деген  сүйіспеншілігін арттырып жатыр. Бір ой салсақдеген ниеттен туындады. Әркім өз ауылына осындай дүниелер жасаса, болашақтаәлемге танытатын спортшы жастар өседі деген ниеттеміз. Туған жер тұғырың,биігің дегендей ауылымызға келіп салайық деген ойымыздың іске асқанына біздеқуаныштымыз,- дейді кәсіпкер Марат Жылқыбаев.

Жалпы, Шуауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени, әлеуметтік жәнеинфрақұрылымды жақсарту бағытында 10 жоба әзірленген. Қазір емхана, салтанатсарайы, спорт нысандары, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты жұмыстар жүріп жатыр.Ал жалпы Жамбыл облысында бағдарлама шеңберінде биыл 80 жоба жүзеге асырылуда.

Фото: pixabay.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз