Әлеумет

Шығыс Қазақстанда мүгедек балаларды зорлау тоқтар емес

70қылмыстық іс. Бұл биылғы қаңтар айының басынан бері сегіз айдың ішінде ішкіістер органдарының кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлауға қатысты қозғағанқылмыстық істерінің саны.

Шығыс Қазақстанда мүгедек балаларды зорлау тоқтар емес

Істер негізінен төрт бап бойынша қозғалған. Зорлау,сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстыққатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау, жас балалардыазғындық жолға түсіру.

Азғындық жол демекші, дәл осыжағдайға байланысты күні кеше ғана Аягөз қаласындағы айтуға ауыз бармайтынжайтты «Жас АЛАШ» (Аякөздегі зорлық көрген балалардың жағдайын тексеругеНүсіпова емес, Байбеков аттанды)жазған еді. Психоневрологиялық-медициналық әлеуметтікмекемесіндегі наурыз айынан бері қайталанып келген қорлықтың қаншалықты рас-өтірігін арнайы құрылғанкомиссия анықтар. Сол үшін де жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік орталықта емделіпәрі тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің қорландық дегені рас болса, кінәлілердіңжазаға тартылатыны да айдан-анық. Ал, әзірше аты аталған мекеменің директорықызметінен уақытша шеттетілді. Осы оқиғаны облыс басшылығына дер кезіндежеткізбегені және уақытында жылдам шешім қабылдамағаны үшін, облыстық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының лауазымытөмендетілді.

Тағы бір жағдай. Шілдеайының 27-ші жұлдызы жанған түні Зайсан қаласында 10 жастағы бүлдіршінзорланды. Кешкі сағат 21.30-да үйінен шыққан қызы оралмаған соң, анасы 102номеріне қоңырау шалып, полициядан көмек сұрапты. Құқық қорғаушылардың жеделіздестіру әрекеттерінің арқасында қыз қала шетінен табылған. Тергеу амалдарыбарысында қыз баланы 34 жастағы жігіт, өзінің «NISSAN» маркалы жеке автокөлігінің ішіндезорлағаны белгілі болған. Күдікке іліккен адам ұсталды. Жасаған әрекетін жоққашығарып отырған жоқ. Мойындайды.

Қазір, бір сәттік ләззатқа бөленгісікелген азаматтың ісі тергеліп жатқанын хабарлаған Шығыс Қазақстан облысыполиция департаментінің баспасөз қызметі: 

"Қазақстан Республикасы ҚылмыстықКодексінің 124 бабы, 4 бөлігі яғни, «жас балаларды азғындық жолғатүсіру» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық жәнесот-психиатриялық сараптамалары да тағайындалған", – деп ақпарат берді.

Ердің жасындағы жігіт, өзіненүш-төрт есе жас кіші қыздың етегін түруге не түрткі болғанын полицияғатүсіндірер. Ал бізге қыз баланың да сау емес екенін аудандағы әлеуметтік салағажауапты маман түсіндіріп берді.

— Бұл қыз балаарнайы есепте тұр. Туа жарымжан. «Психикалық даму белгісі тежелген» деген диагноз қойылған. Арнайы мамандар барып, үйінен оқытады. Ол үшінбаланың өзіне ай сайын 10 100 теңгені аудандық жұмыспен қамту әлеуметтікбағдарламалар бөлімі төлейді. Ол оқу құралы мен өзге де қажетті заттарын алуғаарналған. Оның сыртында республикалық қазынадан 41 500 теңге жәрдемақыберіледі. Анасының жалғыз қызы. Осы жағдайдан кейін біз де бақылауымызға алып,жиі барып, жағдайын біліп тұрамыз. Психологиялық кеңес те берудеміз. Басқаештеңе айта алмаймын,деді Зайсанаудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ЖанарҚИНАШЕВА.

Алоблыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаңағы кәмелеттік жасқатолмағандарға қатысты жасалған 70 қылмыстың 13-і Қылмыстық Кодекстің 120 бабы (зорлау)бойынша, 11-і 121-ші (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет), 33-і122-ші (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдықсипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 13-і 124-ші (жас балаларды азғындық жолғатүсіру) баптар бойынша қозғалғанын айтып отыр. Жасалған қылмыстық істердіңжартысынан көбі қалалы жерлерде болған. Шамамен 63 пайызы. Бұл цифрға қарап, ауылдықжерлердегілердің де қарап жатпағанын аңғаруға болатын секілді. 23 жағдайда кәмелеттік жасқа толмағандарғақорлықты туыстары мен таныстары секілді жақын адамдар жасапты.

«Осы жыл басынан бергі сегіз айда аталған қылмыстықістерге қатысты 29 адамның қылмысы дәлелденіп сотталған. Қылмыстық Кодекстің120 бабы (зорлау) бойынша алты адам, 120 баптың 4 бөлігімен (көрінеу жас балағақатысты жасалған зорлау) 3 адам бас бостандықтарынан айырылған. ҚылмыстықКодекстегі 121 баппен (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) 3, дәлосы баптың төртінші бөлігі (көрінеу жас балаға қатысты жасалған) бойынша 2 адамтемір торға қамалған. Аталған кодекстің 122 бабымен (16 жасқа толмаған адамменжыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) 13,124 баппен (жас балаларды азғындық жолға түсіру) 2 адам сотталған», – деп хабарлады ШығысҚазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Фото: ptzgovorit.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз