Қоғам

Шығыс Қазақстанда тағы бір қала карантинге жабылды

Шығыс Қазақстан облысында соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар дейгейі өскендіктен аудан орталығы — Алтай қаласы карантинге жабылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда тағы бір қала карантинге жабылды

Аймақтың бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша сағат 00.00-ден бастап қаланың сыртқы шекарасында кіріп-шыққандарды бақылау үшін блокбекет қойылды.

Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті.

Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.

Бұған дейін ШҚО-ла Риддер, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз