Өңір

Шымкент донор қалаға айнала ала ма?

Шымкент алдағыжылдары дотацияда отырған өңірден донор өңірге айналуы тиіс. 2018 жылыреспубликалық мәртебе алған Шымкентке қазынаға қарап алақан жаймайтын, Алматымен Нұр-Сұлтан сияқты өз-өзін қамтамасыз ететін, тіпті қажет болса,республикалық бюджетке кіріс келтіретін қалаға айналу міндеті жүктелді.

Шымкент донор қалаға айнала ала ма?

 

Әрине, мұндай міндеттің жүгі ауыр. Ол үшін қаладаөнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту қажет. Қазір Шымкент қалалық әкімдігі тарапынаносы бағытта біршама жоба қолға алынып жатыр.

Жалпы алғанда, миллионнан астам тұтынушысы бар мегаполистіңтөңірегінде кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын өндіретін кәсіпорындар дамыпкеледі. Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметі бойынша,   Шымкент қаласында биылдың төрт айындаауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 7,4 миллиард теңгені құрап, былтырменсалыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард, малшаруашылығы 6,2 миллиард теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4000 тоннадан астамет, 13,3 тонна сүт және 48,6 миллион дана жұмыртқа өндірілді.    Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттырумақсатында жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгені құрайтын жеті ірі инвестициялықжоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 миллион литр сүт, 40миллион дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 2500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңажұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Аталған бағыттағы жұмыстарды субсидиялауғабюджеттен 1140,7 миллион теңге қаржы қаралған. Осындай мемлекеттік қолдауға иеболған бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен жуырда журналистер арнайы барып,танысып қайтқан еді.   БАҚ өкілдері ең алдымен «Тассай» тұрғыналабында орналасқан «ККК» ЖШС-нің құс фермасын аралап көрді. Кәсіпкержеңілдетілген несиенің арқасында құс шаруашылығын қолға алып, өнімдерін қайтаөңдеумен айналысуда. Бұдан бөлек, журналистер жылына 100 тоннадан астам балөндіретін жеке кәсіпкер Нормұхамедовтің шаруашылығына барды. Кәсіпкер 2007 жылдан бері бал шаруашылығын дамытып,асылдандыру жұмыстарына мемлекеттен қолдау алады, алыс-жақын өңірлерге асылтұқымдыаналық аралардың өнімін сатып келеді. Бүгінде мұнда 5000-нан астам бал ара ұясыбар.   Журналистертанысқан келесі нысан – «Зертас» шаруа қожалығының  сүт фермасы. Қожалық 2019 жылы Австрия еліненжеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағыасылтұқымды сиырлар әкелген болатын. Шаруашылықтағы мал басы 161-ге жеткен.Кәсіпкер сүт өндірісіне мемлекеттен қолдау алады. Жыл соңына дейін мал басын300-ге жеткізіп, шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Шымкент экономикасының негізгі бағытын өнеркәсіп пен кәсіпкерлік құрайтынболады. Жалпы, Шымкент – өнеркәсібі дамыған қала. Соңғы жылдары мұнда бірнешеиндустриалды аймақтар салынды. «Оңтүстік» арнайыэкономикалық аймағы және сауда-логистикалық орталығы бар. Аталған нысандарда қаражаттытиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдай жасалған.Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға беру, дайын инфрақұрылым және коммуналдыққызметтерге тарифтері төмендетілген жер учаскелері ұсынылады. Соныңішінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылдың  6шілдесінде құрылған. Аймақ тек Шымкент қана емес, республика экономикасына  даөзінің оң  ықпалын тигізетін ірі өнеркәсіптік орталық саналады. Аймақмақта өңдейтін жоғары технологиялық өндірісті, өнеркәсіптің  тоқымажәне тігін саласын кешенді  дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдікшаруашылық байланыстар  жүйесіне белсенді түрде кіруін көздейді.

Арнайы экономикалық аймаққа кіретін мекемелер толық істеген жағдайда жылсайын орта есеппен 1 миллиард АҚШ долларының өнімі өндірілетінболады.  Мұнда 2020-22 жылдары жалпыкөлемі 60 миллиард теңгеден астам 26 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 2000жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал осы жылы құны 1,316 миллиард теңге болатынүш жоба аяқталып, 128 жаңа жұмыс орны ашылады. Дәлірегі, аймақта алдағы үш жылда полипропиленді жіп, дәкеден таңғышматериалдар, гигиеналық қағаз, А3, А2, А4 форматындағы қағаз, камуфляждыторлар, униформалар мен арнайы киімдер тігетін және макулатурадан картонөндіретін, бақшаға арналған жазғы аяқкиім өндірісі, аяқкиім және былғарыданжасалатын өзге де бұйымдар өндірісі жүзеге асырылмақ.  Арнайы  экономикалық аймақ 3434 жұмыс орнын құрудыкөздейтін, жалпы құны, 90,1 миллиард теңге болатын 42 жобадан тұрады. Оныңішінде жалпы құны 29,98 миллиард теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылып, 1435 жұмысорны құрылды. 2010 жылдан бүгінгі күнгедейін қатысушы кәсіпорындар 61,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Осы өнімніңжартысынан астамы, яғни 42,1 миллиард теңге сомасындағы өнім таяу және алысшетелдерге экспортталды. «Оңтүстік» жұмыс істеген кезеңде бюджетке бергенсалықтық аударымдары 4,3 миллиард теңгені құрады.

Шымкентте әкімдік тарапынан бизнесті дамыту,кәсіпкерлерге жағдай жасаудың тиімді жүйесі де қолға алынуда. Жуырда  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақынкүндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған үкімет- Shymkent INVEST»кеңсесінің дайындық жұмысымен танысып қайтқан болатын. Инвесторлармен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен кәсіпкерлерпалатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға«бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетілетінболады. Бұл жоба кәсіпкерлерді қолдаумақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге асырылуда.   Фронт-офистіңжұмысымен таныстырған Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры НұрланҚабыштаев өңірлік палатаның консультанттары «Бизнестің жол картасы-2025»бағдарламасы аясында сервистік қызметтің алты түрін ұсынатынын атап өтті.Осы ретте қала басшысы кеңседе көрсетілетінқызмет сапасына баса назар аударуды айтып, келушілерге мемлекеттен берілетінқолдаулар туралы кеңінен түсіндіруді тапсырды.Б.ЕРНАЗАР

Шымкент қаласы
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз