Әлеумет

Шымкент тұрғыны аза тұту күні туралы айтқан сөзі үшін қамауға алынды

Шымкенттің 21 жастағы тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде аза тұту күніне қатысты айтқан сөзі үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

1

 Сонымен қатар эфирге қатысқан тағы екі азамат профилактикалық есепке қойылды.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде аталған тікелей эфирді анықтаған.

"Трансляция кезінде Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны көрерменнің аза тұту күніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамды ашық құрметтемеуді білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын сөздер айтқан", – деп хабарлады полиция.

Сот шешімімен жас жігіт 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тікелей эфирге онымен бірге 22 жастағы тағы екі азамат қатысқан. Үшеуіне де қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасалып, олар бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

Айта кетейік, 25 қыркүйек Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз