Саясат

Шымкентке жаңа әкім келді

Шымкент қаласына Асқар БЕЙСЕНБАЕВПЕН «таласып» әкім болған Ерлан ААЙТАХАНОВ қызметінен кетті.

Шымкентке жаңа әкім келді

Бар-жоғы жеті-ақ ай әкім болған Айтаханов неге әкімдіктен түсіп қалды екен?

ПрезидентҚасым-Жомарт  ТОҚАЕВТЫҢ Жарлығымен,қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Шымкентке әкім болып Мұрат ӘЙТЕНОВ тағайындалды. Бүгін қала әкімінің активіне жаңа әкімді президент әкімшілігініңбасшысы Ерлан ҚОШАНОВ таныстырды.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы1981 жылы туған. Білімі жоғары, «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғаутехнологиясы» және заңтану мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын Астанақаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімініңкезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жж – ҚРПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;

2008-2010 жж – ҚРПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістікқызметті үйлестіру секторының сарапшысы;

2010-2012 жж – ҚРПрезиденті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімімеңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 жж – ҚРПрезиденті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімініңмеңгерушісі;

2013-2016 жж — ҚРПрезиденті Іс Басқармасының аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Мұрат Әйтенов былтыр желтоқсанда Шымкентқаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз