Қоғам

Шымкентте балалармен мессенджерлерде танысып, интимдік материалдар сұратқан ер адам ұсталды

Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерге барды деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Шымкент

ІІМ мәліметінше, күдікті интернет-мессенджерлер арқылы 10-12 жастағы балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Осылайша олардың сеніміне кіріп, онлайн қарым-қатынасты жалғастырған.

Тергеу барысында анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысқаны белгілі болған. Кейін оның телефон нөмірін алып, WhatsApp арқылы хат алмасқан. Әңгіме барысында түрлі сылтаулар айтып, жасөспірімнен интимдік сипаттағы фото және бейнематериалдар жіберуді сұраған деген күдік бар.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз