Шымкентте отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің қолынан қаза тапты
Шымкенттің Самал-3 шағынауданында ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал болып, ер адам қаза тапты.
Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел күйеуіне пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Көршілердің айтуынша, пышақ ер адамның жүрек тұсына тиген. Сондай-ақ олардың болжамынша, жанжал әйел намаз оқып жатқан кезде басталған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі қызы қалды.
Күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.